Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 365 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

ҚР Экологиялық кодексi
365-бап. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар

1. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі: 

1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары; 

2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар. 

Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, аквашаруашылық, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді. 

Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады. 

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты: 

1) коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту; 

2) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту; 

3) коммуналдық қалдықтарды игеру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлеп, бекіту; 

4) кездейсоқ қоқыстарды жою қағидаларын бекіту арқылы іске асырады. 

3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты: 

1) өз құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту; 

2) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту; 

3) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту арқылы іске асырады. 

4. Аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты: 

1) коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 

2) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын үш жылда бір реттен сиретпей әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсыну; 

3) коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі объектілерді салуға және (немесе) орналастыруға, оның ішінде контейнер алаңдарын және қайталама ресурстарды қабылдау пункттерін жайластыру үшін жер учаскелерін бөлу; 

4) коммуналдық қалдықтарды жою және көму жөніндегі объектілерді салуды қамтамасыз ету; 

5) осы Кодекске, коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеуге бақылауды, сондай-ақ коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемдерін төмендетуге, оларды қайта пайдалануға, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға дайындау деңгейін арттыруға және көмуге жататын коммуналдық қалдықтардың көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық құралдарын әзірлеуді, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асыру; 

6) алып тасталды – ҚР 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді үш жылда бір реттен сиретпей әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсыну; 

8) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасында тарифті бөлу тәртібін айқындау; 

9) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, оның ішінде қалпына келтірілгенге немесе жойылғанға дейін тасымалдау мен жинақтауды көздейтін, оларды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыру; 

10) коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылымды құруды және оның жұмыс істеуін, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қамтамасыз ету; 

11) коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету; 

12) коммуналдық органикалық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компостерлеу арқылы ынталандыру; 

13) тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтардың санын сәйкестендіру мақсатында коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру, оның ішінде қайта өңдеу және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін халықты тіркеу туралы мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету; 

14) бөлек жинауды қоса алғанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы халыққа хабар беру; 

15) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерінің иелері үшін қалдықтарды әкету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру арқылы іске асырады. 

5. Ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты: 

1) комуналдық органикалық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компостерлеу арқылы ынталандыру; 

2) коммуналдық қалдықтарды тұрақты әкетуді ұйымдастыру; 

3) коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; 

4) коммуналдық қалдықтарды санкциясыз жағуды болғызбау және олардың жолын кесу; 

5) коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және көму орындарын ұйымдастыру арқылы іске асырады. 

6. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау мынадай фракциялар бойынша жүзеге асырылады: 

1) "құрғақ" (қағаз, картон, металл, пластик және шыны); 

2) "дымқыл" (тамақ қалдықтары, органика және өзгесі); 

3) "коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары". 

Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, медициналық қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және қалпына келтіру үшін мамандандырылған ұйымдарға берілуге тиіс. 

Ескерту. 365-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...363 364 365 366 367 ...418

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться