Ст. 401 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
401-бап. Суасты құбыржолдары мен кәбілдерін жобалау, төсеу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1. Әрбiр нақты объектiнi салу және пайдалану үшін трассалар, конструкциялар, жабдықтар, технологиялар мен техникалық құралдар орналастырылатын жердi таңдау қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді азайту мақсатында баламалы негiзде жүргiзiлуге тиiс. 2. Суасты құбыржолдары мен кәбілдер трассасына бес жүз метрден кем арақашықтықта бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге және серпімді толқындар (сейсмикалық сигналдар) туғызатын пневматикалық және басқа да детонациялайтын көздермен сейсмикалық барлауға тыйым салынады.
3. Су асты құбыржолдары мен кәбілдерiнің трассаларын кесіп өтіп сейсмикалық шалғыларды сүйретуге және балық аулау кемелерiнің тралдауына тыйым салынады.
4. Салынуға жататын құбыржолдар мен соған iлеспе инженерлiк құрылысжайларды жобалау:
олардың сенімділігінің, қауiпсiздiгiнiң, қорғалуы мен техникалық жай-күйiн бақылаудың жоғары дәрежесін;
күтпеген жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін;
жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының жеделдiгi мен сапасын;
қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді барынша азайтуды қамтамасыз етуге тиiс.
5. Жобада құрылыс, санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен қағидалардың талаптарына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның нұсқаулық құжаттарына сәйкес келетiн "Қоршаған ортаны қорғау" деген дербес бөлім мiндеттi түрде болуға тиiс.
6. Жобалау-сметалық құжаттаманың толықтығы мен анықтығы үшін жобаның тапсырыс берушiсі мен әзiрлеушiсі жауапты болады.
7. Құбыржол төсеу жобаларында салынған және кейiннен пайдаланылған кезде оларды қорғау жөнiндегi шаралар көзделуі қажет. Көмiрсутек шикiзаты мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн тасымалдайтын құбыржолдарды салудың әрбір сатысында және пайдалану кезінде қоршаған ортаны, сондай-ақ тәуекелi жоғары объектiлерге жататын құбыржолдарды қорғау және сақтау жөнiнде шаралар қабылдануға тиiс.
8. Құбыржолдардың кеме жүзетiн өзендермен және каналдармен қиылысатын жерлері жағалауларда навигациялық белгiлермен белгiленуге тиіс. Магистральдық құбыржолды салған кезде навигациялық белгiлер Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi саласындағы заңнамасына сәйкес орнатылады.
9. Құбыржолдардың зақымдалу ықтималдығын болғызбау үшiн оларды төсеудің кез келген түрінде мынадай:
су асты өткелдерінің бойында – өткелдердің шеткi сызықтарының осiнен әрбiр жағынан жүз метр қашықтықтағы, параллель жазықтар арасында орналасқан, су бетінен түбiне дейiнгi су кеңiстiгiнiң учаскесi түрiнде;
өнiмдi тасымалдауға дайындау технологиялық қондырғыларының, басты және аралық, қайта айдайтын және құятын сорғы станцияларының, резервуарлық парктердiң, компрессорлық және газ тарату станцияларының, өнiм өлшейтiн тораптардың, құятын және ағызатын эстакадалардың, мұнай мен мұнай өнiмдерiн қыздыратын пункттердің айналасында – көрсетілген oбъектiлер аумағы шекараларының жан-жағынан жүз метр қашықтықта болатын тұйық сызықпен шектелген жер учаскесi түрiнде күзет аймақтары белгіленеді.
10. Күзет аймақтарын, оның құрамына кіретін коммуникациялар мен объектілерді байланыстыра отырып, құбыржолдың нақты жағдайының материалдары, координаталары оларды мемлекеттік жер кадастрына енгізу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдар мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына берілуге тиіс.
11. Құбыржолдардың күзет аймақтарында олардың қалыпты пайдаланылуын бұзуы не бүлiнуiне алып келуі мүмкiн әрекеттер жасауға:
навигациялық танымдық белгiлердің, бақылау-өлшеу пункттерiнiң орнын ауыстыруға, оларды көмуге және сындыруға;
қызмет көрсетiлмейтiн кәбілдік байланыс пункттерiнiң люктерiн, қақпалары мен есiктерiн, желілік арматуралар тораптарының қоршауларын, катодтық және дренаждық қорғау қондырғыларын, желiлiк және байқау құдықтары мен басқа да желiлiк құрылғыларды ашуға, крандар мен тартпаларды ашуға және жабуға, байланыс, энергиямен жабдықтау және құбыржолдардың телемеханикасы құралдарын ажыратуға немесе қосуға;
қоқысқа айналдыруға, қышқылдардың, тұздар мен сiлтiлердің ерiтiндiлерiн төгуге;
жағалауларды бекiтетiн құрылысжайларды, су өткiзетiн құрылғыларды, құбыржолдарды – бұзылудан, ал iргелес жатқан аумақ пен қоршаған жергілікті жерді тасымалданатын өнiмнің авариялық төгiлуінен сақтайтын топырақтан жасалған немесе өзге құрылысжайларды (құрылғыларды) бұзуға;
зәкiр тастауға, түсiрiлген зәкiрлермен, шынжырлармен, лоттармен, ысырғыштармен және тралдармен өтуге, түбiн тереңдету және топырақты аршу жұмыстарын жүргiзуге;
от жағуға немесе ашық немесе жабық от көздерiн орналастыруға тыйым салынады.
12. Құбыржолдардың күзет аймақтарында магистральдық құбыржолдың меншік иесінің жазбаша рұқсатынсыз кез келген жұмыстарды, оның ішінде геологиялық-түсіру, геологиялық-барлау, іздеу, геодезиялық және ұңғымаларды, шурфтарды орнатуға және топырақ сынамасын алуға байланысты басқа да іздестіру жұмыстарын, сондай-ақ жару жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Құбыржолдардың күзет аймақтарында жару жұмыстарын жүргізуге жазбаша рұқсат осы жұмыстарды жүргізетін ұйым қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында көзделген тиісті материалдарды ұсынғаннан кейін ғана беріледі.
13. Құрамында күкіртті сутек бар мұнай мен судың авариялық төгілуі кезінде күкіртті сутек құрамының тиісті жұмыстарды жүзеге асыратын персонал үшін қауіпсіз деңгейіне жеткеннен кейін оларды дереу жинап, сол жерде бейтараптандыру немесе көмуге әкету керек.
14. Теміржол және су жолдарының, автомобиль жолдарының, жыралардың және басқа да табиғи кедергілердің газ, мұнай, конденсат құбыржолдарымен қиылысатын жерлерінде, бұрылыс бұрыштарында, адамдардың жиналуы мүмкін пункттерінде, газ, мұнай, конденсат құбыржолдарының технологиялық тораптарында тиісті қауіпсіздік белгілері мен жазбалар қойылады. Санамаланған орындар үшін жобада шығарындылардың, ағындылардың, төгінділердің қауіптілігін болғызбайтын немесе азайтатын қосымша іс-шаралар көзделуге тиіс.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей