Ст. 41 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
41-бап. Қалдықтардың жинақталу лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері
1. Қоршаған ортаның қорғалуын және адамның өміріне және (немесе) денсаулығына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, көмілетін қалдықтардың санын азайту және оларды қалпына келтіруге ынталандыру мақсатында: 1) қалдықтардың жинақталу лимиттері;
2) қалдықтарды көму лимиттері белгіленеді.
2. Қалдықтардың жинақталу лимиттері І және ІІ санаттағы объектілердің құрамына кіретін қалдықтардың әрбір нақты жинақтау орны үшін қалдықтардың осы Кодекске сәйкес белгіленген мерзім шегінде тиісті жинақтау орнында қоймаға орналастыруға рұқсат етілген түрлері бойынша олардың шекті мөлшері (массасы) түрінде белгіленеді.
I және II санаттардағы объектілерге жатқызылған қалдықтарды сұрыптау, өңдеу жөніндегі, оның ішінде залалсыздандыру, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызмет үшін қалдықтардың жинақталу лимиттері жабдықтың жобалық қуаты негізінде немесе қалдықтардың әрбір нақты жинақтау орны үшін белгіленеді.
3. Қалдықтарды көму лимиттері І және ІІ санаттағы объектілердің құрамына кіретін қалдықтардың әрбір нақты полигоны үшін қалдықтардың тиісті полигонда көмуге рұқсат етілген түрлері бойынша олардың шекті мөлшері (массасы) түрінде белгіленеді.
4. Қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттері экологиялық рұқсатта белгіленеді. Қалдықтарды көму лимиті тиісті полигонның өндірістік қуатына сәйкес әрбір күнтізбелік жылға белгіленеді.
5. Қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін I және II санаттағы объектілердің операторлары осы Кодекске сәйкес экологиялық рұқсат алған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында негіздейді.
6. I санаттағы объектілер үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар тұлға жүзеге асырады.
7. Қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
8. III және IV санаттағы объектілер үшін қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттері белгіленбейді.
ІІІ санаттағы объектілердің операторлары осы Кодекске сәйкес берілетін қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның құрамында қалдықтар туралы ақпарат беруге міндетті.
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Салеметсизбе Мен косметолог маган пациентка келып Блефаро операциясыз Жане ерын жасатып алып довольная болып аулна кетеди ремонт уйн жасауга и быр козы жип кузылып маган заявление жазып 421 мын маган салып отр до и после из лягушки в принцессу болган результат маган козы жилы узылып акшамды кайтар Деп коймап еды коррекция жасаймын келыныз десем. Келмей
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Рекомендованные страницы
Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 17-бап. Шаруа немесе фермер қожалығына кредит беру және оны сақтандыру Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 202-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия ҚР Экологиялық кодексi 233-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молы... ҚР Азаматтық процестік кодексі 359-бап. Арызды қарау ҚР Экологиялық кодексi 180-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарында құқықтық режимдiбұзушылық үшiн жауаптылықРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей