Ст. 39 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
39-бап. Эмиссиялар нормативтері
1. Эмиссиялар нормативтері деп экологиялық рұқсатта белгіленетін эмиссиялардың шекті сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығы түсініледі.
2. Эмиссия нормативтеріне:
1) жол берілетін шығарындылар нормативтері;
2) жол берілетін төгінділер нормативтері жатады.
3. Эмиссия нормативтері осы Кодекстің 11-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес ластағыш заттар тізбесіне енгізілген ластағыш заттар түрлері бойынша белгіленеді.
4. Эмиссиялар нормативтері I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша, мынадай:
1) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізілген жағдайда – осы Кодекстің 76-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген тиісті шекті мәндерден;
2) осы Кодекске сәйкес белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізген жағдайда, оның нәтижелері бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау қажет емес екені туралы қорытынды шығарылса, – осы Кодекстің 68-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште көрсетілген тиісті мәндерден аспайтын деңгейлерде белгіленеді.
Өздеріне қатысты кешенді экологиялық рұқсат берілетін объектілер үшін эмиссиялар нормативтері I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша, ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларда келтірілген ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты маркерлік ластағыш заттар эмиссияларының тиісті шекті мәндерінен аспайтын деңгейлерде белгіленеді.
5. Объектіні пайдалану кезеңіне арналған, оның ішінде қызметке елеулі өзгерістер енгізу кезіндегі эмиссиялар нормативтері объектіні пайдалану үшін тиісті жобалау құжаттамасына байланыстырыла отырып әзірленетін жеке құжат – эмиссиялар нормативтерінің жобасы (жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы, жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасы) түрінде есептеледі және негізделеді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар кезеңіне арналған эмиссиялар нормативтері тиісті жобалау құжаттамасына байланыстырыла отырып әзірленетін "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімінің құрамында есептеледі және негізделеді.
6. Эмиссиялар нормативтерін айқындау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша осы Кодекстің талаптарына сәйкес есептеу жолымен жүзеге асырылады.
7. Эмиссиялар нормативтерінің жобаларын әзірлеуді I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар тұлға жүзеге асырады.
8. Эмиссиялар нормативтері экологиялық рұқсаттың қолданыс мерзіміне белгіленеді.
9. Көрсеткіштері экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерінен асатын қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемдері нормативтен жоғары деп танылады.
10. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың осы Кодекстің талаптарына сай келетін әдістерін қолдану салдарынан жүзеге асырылатын эмиссиялар нормалауға жатпайды және нормативтен жоғары деп есептелмейді.
11. ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін эмиссиялар нормативтері белгіленбейді.
Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 336-бап. Қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру және жою саласындағы қызметті лицензиялау ҚР Экологиялық кодексi 410-бап. Төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы құқықтық режимінің қолданысын тоқтату ҚР Экологиялық кодексi 399-бап. Қазақстан Республикасының сақтық аймағы шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптарРекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 38-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу тәртiбi ҚР Экологиялық кодексi 37-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың кезеңдерi Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 19-бап. Кепілдендірілген тапсырыс ҚР Экологиялық кодексi 35-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау ҚР Экологиялық кодексi 36-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мiндеттiлiгiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей