Ст. 353 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы
ҚР Азаматтық кодексi
353-бап. Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік
1. Ақша міндеттемесін орындамау салдарынан біреудің ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзімін өткізіп жібергені, не оларды негізсіз алғаны немесе басқа адамның есебіне сақтағаны үшін тұрақсыздық айыпақы төленуге тиіс. Айыпақының мөлшері ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындаған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме негізінде есептеледі. Борышты сот тәртібімен өндіріп алу кезінде сот несие берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қуыным жасалған немесе шешім шығарылған немесе іс жүзінде төленген күнгі базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып, несие берушінің талабын қанағаттандыра алады. Егер заңдарда немесе шартта айыпақының өзге мөлшері белгіленбесе, осы ережелер қолданылады. 2. Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшін айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудің өзге тәртібі белгіленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушіге төленген күнге дейін өндіріліп алынады.
3. Егер несие берушінің ақшасын заңсыз пайдаланудан оған келтірілген залал осы баптың 1-тармағының негізінде оған тиесілі айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлікте залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Ескерту. 353-бап жаңа редакцияда – ҚР 1997.07.11. № 154, өзгеріс енгізілді - 2007.01.12. № 225; 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
О культуре Статья 12. Обязанности государства по обеспечению прав граждан на деятельность в области культуры О культуре Статья 17. Членство в творческом союзе О культуре Статья 31. Финансирование деятельности в области культурыРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық кодексi 355-бап. Белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн орындамаудың салдары ҚР Азаматтық кодексi 351-бап. Залалдар және айып төлеу ҚР Азаматтық кодексi 349-бап. Мiндеттеменiң бұзылғандығы ұғымы ҚР Азаматтық кодексi ҚР Азаматтық кодексi 356-бап. Мiндеттеменi борышқордың есебiнен орындауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей