Ст. 1033 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.01.2023
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1033-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын құқықтық қорғау шарттары
1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау оларды "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай беріледі. 2. Географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегіне байланысты болатын тауарды сәйкестендіретін белгілеме географиялық нұсқама болып табылады. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің оның сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс.
3. Елдің, елді мекеннің, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не атауы бар, осындай атауды қамтитын немесе осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері тек қана немесе басты түрде осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты пайдаланылуы нәтижесінде белгілі болған белгілеме тауар шығарылған жердің атауы болып табылады. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін барлық сатысы жүзеге асырылуға тиіс.
4. Тауар өндірілетін географиялық объектінің шекаралары, сондай-ақ белгіленуі үшін географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы пайдаланылатын тауардың ерекше қасиеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Көрсетілген талаптардың сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Географиялық объектiнiң атауын білдіргенімен немесе атауы болғанымен Қазақстан Республикасында белгiлi бiр тауар түрінің өндірілген жеріне байланысты емес белгiлемесi ретiнде жалпыға бірдей қолдануға енген белгiлеме осы параграфтың қағидаларына сәйкес географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы болып танылмайды және ол құқықтық қорғау мақсаты үшiн тiркелуге жатпайды. Көрсетілген мән-жай мұндай атауды жосықсыз пайдалану арқылы құқықтары бұзылған тұлғаны оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де тәсілдермен, оның iшiнде жосықсыз бәсекелестік туралы қағидалардың негiзiнде қорғау мүмкiндiгiнен айырмайды.
6. Географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы ретінде құқықтық қорғау берілмейтін белгілемелер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Лучшие юристы

город Астана, работаем по Казахстану и СНГ
Комментариев: 15
За последние 30 дней

г. Караганда
За последние 30 дней

За последние 30 дней

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Алматы +77279715251
За последние 30 дней
Новые комментарии на сайте
Гость
27.01.23 14:50:04
Здравствуйте! При расторжении брака в 2004 году оставила Фамилию мужа. Могу ли я сейчас поменять её на девичью? Так как дети выросли и носят другие фамилии.
alexajames
24.01.23 14:56:41
just in case you have forgotten and that is the only way I see to out
Ернур Кайратбекулы
24.01.23 10:11:19
для консультации писать на whatsApp
Асылбек Тлепов 87082207192
23.01.23 14:33:46
Не можете. Смотрите. ПП.9 п 3 ст 16 закона о госслужбе
Гость
23.01.23 12:50:36
Здраствуйте можно ли поступить на госслужбу если имеется статья 68 часть 1
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей