Ст. 1034 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1034-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы
1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын иеленушi тұлға осы нұсқама мен атауды тауарға, қаптамаға, жарнамада, анықтамалықтарда, шоттарда орналастыруға және оларды осы тауарды азаматтық айналымға енгiзуге байланысты өзгеше түрде пайдалануға құқылы.
2. Осы Кодекстiң 1033-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сай келетiн тауардың белгiлемесі үшiн географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын бiрнеше тұлға бiрлесiп те, бiр-бiрiне тәуелсiз де тiркетуi мүмкiн. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы мұндай тұлғалардың әрқайсысына тиесілі болады.
3. Тіркелген географиялық нұсқамамен және тауар шығарылған жердiң атауымен бірдей немесе ұқсас географиялық белгiлемені алғаш тiркелген күніне дейiн кемiнде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға көрсетілген географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы тіркелген күннен бастап жетi жыл бойы оны одан әрi пайдалану құқығын сақтайды.
4. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын иелiктен шығаруға, оны басқаға беру туралы өзге де мәмiлелерге, оларды лицензия негізінде пайдалануға беруге жол берілмейді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1055-бап. Өсиетке түсiнiк беру ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1050-бап. Өсиеттiң нысаны туралы жалпы ережелер ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1019-бап. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға құқықтың ауысуы ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 914-бап. Ойындар мен бәс тiгудi өткiзуге және оларға қатысуға байланысты талаптарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей