Ст. 1032 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1032-бап. Тауар белгiсiне құқықты бұзғаны үшін жауаптылық
1. Тауар белгiсi иесінің құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар белгісі иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті. 2. Тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені немесе жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
3. Тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және тәртіп бұзушының есебінен жойылуға жатады.
4. Құқық иеленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауды талап етуге құқылы.
5. Тауар белгісі иесінің құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.
6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.
Ескерту. 1032-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Параграф 3. Географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы
Ескерту. 3-параграф жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 887-бап. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының нысаны ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 515-бап. Сыйға тартуға уәде беру кезiндегi құқық мирасқорлығы ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1098-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тiркеу ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 584-бап. Yйдi немесе ғимаратты беру ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1022-бап. Фирмалық атауға құқықтың қолданылуыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей