Ст. 1050 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1050-бап. Өсиеттiң нысаны туралы жалпы ережелер
1. Өсиет оның жасалған жерi, күні және уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс. 2. Мыналар:
1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;
2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып танылады.
3. Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.
Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкiн.
4. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда:
1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам;
2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi;
3) толық әрекетке қабiлеттiлiгiн иеленбейтiн азаматтар;
4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз басқа да адамдар;
5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
Ескерту. 1050-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 592-бап. Көлiк құралына келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 525-бап. Тұрақты рентаны төлеу мерзiмдерi Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 50-бап. Тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныс ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1055-бап. Өсиетке түсiнiк беруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей