Ст. 548 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
548-бап. Жалға берушiнiң жалға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерi үшiн жауапкершiлiгi
1. Жалға берушi жалға берiлген мүлiктiң оны пайдалануға толық немесе iшiнара кедергi жасайтын кемшiлiктерi үшiн, тiптi ол шарт жасалған кезде бұл кемшiлiктер туралы бiлмесе де, жауап бередi. Осындай кемшiлiктер табылған жағдайда жалға алушы жалға берушiден өз қалауы бойынша:
1) мүлiктiң кемшiлiктерiн тегiн жоюды;
2) жалдау ақысын соған мөлшерлес азайтуды;
3) жалға берушiге бұл туралы алдын ала хабарлай отырып, сол кемшiлiктердi жою жолында өзi жасаған шығындар сомасын мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемнен ұстап қалуды;
4) шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
2. Жалға алушының талаптары туралы немесе оның мүлiктiң кемшiлiктерiн жалға берушiнiң есебiнен жою ниетi туралы хабарланған жалға беруші жалға алушының келісімімен жалға берілген мүлікті тез арада тиiстi жағдайда тұрған басқа осыған ұқсас мүлiкпен ауыстыра алады не мүлiктiң кемшiлiктерiн тегiн жоя алады.
3. Егер жалға алушының талаптарын қанағаттандыру немесе оның мүлiктi пайдаланғаны үшiн жасалатын төлемнен кемшiлiктi жоюға кеткен шығындарын ұстап қалу жалға алушыға келтiрiлген залалды өтеуге жетпесе, ол шығынның өтелмеген бөлiгiн өтеудi талап етуге құқылы.
4. Жалға берушi жалға берiлген мүлiктiң шарт жасасқан кезде айтылған немесе жалға алушыға бұрыннан белгiлi болған кемшiлiктерi үшiн жауап бермейдi.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей