Ст. 546 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
546-бап. Мүлiктік жалдау шарты бойынша жасалатын төлем
1. Жалға алынған мүлiктi пайдалану үшiн төлемдi, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта белгiленген тәртiп, мерзiм мен нысан бойынша жалға алушы төлейдi. Шартта олар айқындалмаған жағдайларда салыстырмалы мән-жайларда әдетте сол секiлдi мүлiктi жалға алған кезде қолданылатын тәртiп, мерзiм мен нысан белгiленген деп есептеледi. 2. Төлем барлық жалданылған мүлiк үшiн тұтас немесе оның құрамдас бөлiктерiнiң әрқайсысы бойынша жеке:
1) мерзiмдiк немесе бiржолғы енгiзiлетiн төлемдердiң тұрлаулы сомасында белгiленген;
2) жалданылған мүлiктi, өнiмдi, жемiстердi немесе кiрiстердi пайдалану нәтижесiнде алынған белгiлi бiр үлес;
3) жалға алушының белгiлi бiр қызмет көрсетулерi;
4) жалға алушының шартта келiсiлген затты жалға берушiнiң меншiгiне немесе жалдауына беруi;
5) жалға алушыға жалданылған мүлiктi жақсарту жөнiнде шартта келiсiлген шығындарды жүктеуi түрiнде белгiленедi.
Тараптар шартта мүлiктi немесе өзге де төлем нысандарын пайдалану үшiн аталған төлем нысандарын ұштастыруды көздеуi мүмкін.
3. Мүлiктi пайдаланғаны үшiн жасалатын төлем мөлшерi, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, кем дегенде жылына бiр рет өзгертiлуi мүмкiн. Заң актiлерiнде мүлiктік жалдаудың жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ мүлiктiң жекелеген түрлерiн жалдау үшiн жасалатын төлем мөлшерін қайта қарауға өзге де ең аз мерзімдер көзделуі мүмкін.
4. Орталықтандырылып белгіленген баға мен тарифтер өзгертілген жағдайда тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша төлем мөлшерi қайта қаралуы мүмкiн.
5. Егер жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты шартта көзделген пайдалану жағдайлары немесе мүлiктiң жай-күйi едәуiр нашарлап кетсе, заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ол төлемдi тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы.
6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлем төлеу мерзiмiн елеулi түрде бұзған жағдайда жалға берушi одан төлемдi жалға берушi белгiлеген мерзiмнен бұрын төлеудi талап етуге құқылы. Бұл ретте жалға берушiнiң төлемдi қатарынан екi мерзiмнен астам уақытқа мерзiмiнен бұрын төлеудi талап етуге құқығы жоқ.
Лучшие юристы





Здравствуйте, каков порядок реорганизации школ в РК? Как происходит процедура реорганизации? Где можно ознакомится с порядком и правилами осуществления реорганизации основной школы в начальную?
добрый день по вашему вопросу по применению 190 УК РК не возможно
Добрый день надо ознакомится с документами
Здравствуйте, Всё началось в сентябре месяце 2022 года. Мошенники завладели моим имуществом машиной Субару Форестер и квартирой. Заведено уголовное дело № 227580031000990 по ч. 3 ст. 190 УК РК (мошенничество). Можно ли признать сделки не действительными? Меня выселяют из квартиры. А это моё единственное жильё. Я пенсионерка, мне 66 лет. Прошу вас о помощи. Что нужно дела? Дело находиться в Департаменте Полиции. Мошенники задержаны. Как то так.
Здравствуйте, подруга часто просила деньги в долг я ей занимала , всегда возвращала вовремя . В один день попросила взять кредит для нее , я взяла уже год данный человек не платит кредит . В суд писала дали исполнительный лист , имущества на данном человеке не зарегистрировано. В рувд сказали написать в Министерство юстиции по бездействию судебного исполнителя . Суд же принял заявление и решение было в мою пользу , но Элянур не платила кредит , после чего мне дали исполнительный лист для обращения в рувд . Как мне применить статью 190 РК у данному человеку ?! Помогите решить вопрос
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей