Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 663 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
663-бап. Жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабылдау

1. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша орындалған жұмысты не, егер бұл шартта көзделсе, жұмыстың бір кезеңін тапсыруға дайын екендігі туралы мердігердің хабарын алған тапсырысшы дереу оның нәтижелерін қабылдауға кірісуге міндетті.
 
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдауды өз есебінен ұйымдастырады және жүзеге асырады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жұмыс нәтижесін қабылдауға мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысуға тиіс.
 
3. Жұмыстың жекелеген кезеңдерін алдын-ала қабылдаған тапсырысшы оның мердігердің кінәсінсіз жойылу немесе бүліну қаупін мойнына алады, бұған оның ішінде шартта жұмысты мердігердің тәуекелімен орындау көзделген жағдайлар да кіреді.
 
4. Мердігердің жұмыс нәтижелерін тапсыруы және тапсырысшының оны қабылдауы екі тарап, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда - мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері де қол қойған актімен ресімделеді. Тараптардың бірі актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы белгі қойылып, актіге екінші тарап қол қояды.
 
Жұмыс нәтижелерін бір жақты тапсыру немесе қабылдау актісін актіге қол қоюдан бас тарту себептерін сот негізсіз деп таныған жағдайда ғана сот жарамды деп тануы мүмкін.
 
5. Бұл заң актілерінде немесе шартта көзделген не құрылыс мердігерлігі шарты бойынша орындалатын жұмыстың сипатынан туындаған жағдайда, оның нәтижелерін қабылдауға алдын ала сынақ жұмыстары жүргізілуге тиіс. Мұндай жағдайларда жұмыс нәтижелерін қабылдау алдын ала жасалған сынақтың нәтижелері оң болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
 
6. Тапсырысшы шартта көрсетілген мақсат үшін жұмыс нәтижелерін пайдалану мүмкін болмайтын кемшіліктер анықталған жағдайда және оларды мердігер, тапсырысшы немесе үшінші тұлға жоя алмайтын болса, жұмыс нәтижелерін қабылдаудан бас тартуға құқылы.
 
Қабылдау кезінде өзге кемшіліктер анықталған жағдайда олар туралы осы баптың 4-тармағында көзделген актіде көрсетілуге тиіс.
 
7. Салынған объектілерді заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда тапсырыс беруші қабылдауға тиіс.
 
Сапасыз салынған объектілер пайдалануға қабылданған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
 
Ескерту. 663-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 406 ...661 662 663 664 665 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться