Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 718 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 09.03.2023

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
718-бап. Қарыз шарты бойынша сыйақы

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қарыз нысанасын пайдаланғаны үшiн қарыз алушы шартта айқындалған мөлшерде қарыз берушiге сыйақы төлейдi. 

Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шарты бойынша сыйақы осы Кодекстің 725-1-бабының талаптары ескеріле отырып айқындалады. 

2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушыларының құқықтарын қорғау қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынатын сыйақыны, комиссиялардың барлық түрлерін және өзге де төлемдерді қамтитын және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен есептелетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі. 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушыларының құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында көзделген шаралармен қамтамасыз етіледі. 

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

3. Егер қарыз шарты бойынша қарыз алушыға заттар берiлсе, сыйақы төлеу оның көлемi мен нысаны (ақшалай немесе заттай) шартта көзделген жағдайда жүргiзiледi. 

4. Сыйақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi қарыз шартында белгiленедi.  

Егер сыйақы төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi шартта белгiленбесе, ол ай сайын төленедi. 

5. Егер қарыз алушы қарыз нысанасын мерзiмiнде қайтармаса, сыйақы, егер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қарыз нысанасын пайдаланған бүкiл кезеңге төленедi. 

Ескерту. 718-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (01.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...716 717 718 719 720 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?


Здравствуйте!

В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?


Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк

На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,

При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?


В административном кодексе закон обратной силы не имеет, то есть вы не сможете восстановить водительское удостоверение, так как совершили правонарушение в момент действия закона в то время и изменить решение суда не получится по истечению установленных сроков


В данном законе в статье 26 указано, что действие статей 18-24 настоящего Закона распространяется на жертв политических репрессий, реабилитированных до вступления настоящего Закона в силу, то есть в связи с принятием данного закона, они распространяются на реабилитированных до и после принятия закона.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться