Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 725-1 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
725-1-бап. Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының ерекшеліктері

1. Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының мынадай ерекшеліктері бар: 

1) тектік белгілерімен айқындалған, оның ішінде төлемнің кейінге қалдырылуы және бөліп төленуі арқылы берілген ақша немесе заттар қарыз шартының нысанасы болып табылады; 

2) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға қарыз шарты бойынша қарыз алушы ретінде әрекет етеді; 

3) қарыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беріледі; 

4) қарыз шартында осы баптың 3-тармағында көзделген қағидаларға сәйкес есептелген, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде қамтылуға тиіс; 

5) қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жүз пайыздан, оның ішінде қарызды қайтару мерзімі өзгертілген жағдайда аса алмайды; 

6) қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5 пайызынан, бірақ берілген қарыз сомасының жылына он пайызынан аспайды; 

7) қарыз нысанасын қоспағанда, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл), комиссиялар және қарыз шартында көзделген өзге де төлемдер сомасын қоса алғанда, қарыз алушының қарыз шарты бойынша барлық төлемі жиынтығында қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңiнде берілген қарыз сомасынан аса алмайды; 

8) қарыз шарты бойынша міндеттемелер мен төлемдерді кез келген валюталық баламасына байланыстыра отырып индекстеуге жол берілмейді; 

9) қарыз шартының сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл), комиссиялар және өзге де төлемдер мөлшерлері туралы талаптары оларды ұлғайту жағына қарай өзгертіле алмайды;  

Егер нысанасы тектік белгілерімен айқындалған заттар болып табылатын қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау борыш есебіне ақша беру арқылы жүзеге асырылған, ал сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың), комиссиялардың және қарыз шартында көзделген өзге төлемдердің төленуі мен мөлшері ақшалай нысанда жүзеге асырылса, осындай шартқа осы тармақтың бірінші бөлігі 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларының талаптары қолданылады. 

2. Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын, осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін қарыз шарты мәнсіз болып табылады.  

3. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

4. Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартына осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, қарыз шартына қатысты қағидалар қолданылады. 

5. Осы баптың талаптары осы Кодекстің 718-бабының 2-тармағында аталған тұлғалар қарыз берушілер болып әрекет ететін қарыз шарттарына қолданылмайды. 

Ескерту. Заң 725-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 406 ...724 725 725‑1 726 727 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться