Ст. 1 Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күдiктi операция (бұдан әрi – күдiктi операция) – клиенттің операция жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен кіріс болып табылады деп не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деп күдік туындататын операциясы (осындай операцияны жасауға ұмтылысты, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалған операцияны қоса алғанда);
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар – олармен байланысты азаматтық құқықтарды және мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсiлiне қарамастан, жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен әрекеттерi;
2-1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – қаржы мониторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар ақшаның және (немесе) өзге мүліктің берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар;
2-2) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар – бағалы металдарды, олардың химиялық қосылыстарын, асыл тастарды медициналық мақсаттарда, ғылыми-зерттеу мақсаттарында не құралдардың, аспаптардың, жабдықтардың және өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдардың құрамында пайдаланатын діни ұйымдарды, музейлерді және ұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды-сатуды жүзеге асыратын тұлғалар;
3) бенефициарлық меншік иесі – бұл:
клиенттің – заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;
оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
3-1) делдал-банк – ақша жөнелтуші банктен алынған төлемді және (немесе) ақша аударуды қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыратын банк және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
3-2) жария лауазымды адам:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам;
лауазымды адам;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам;
мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам;
шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам;
шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын адам;
халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құрған ұйымдарда басшы лауазымын атқаратын адам;
3-3) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие болуына не болмауына қарамастан, дербес ұйымдық-құқықтық нысандар ретінде қаралатын қор, серіктестік, траст, компания, әріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік құрылым;
3-4) заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;
3-5) заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз маман – заң қызметтерін дербес те, әріптес немесе заң көмегін көрсететін кәсіпкерлік субъектісімен еңбек шартының негізінде жұмыскер ретінде де көрсететін жеке тұлға;
4) клиент – қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым;
5) корреспонденттік қатынастар – банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында басқа банктерге корреспонденттік шоттарды ашуы кезінде туындайтын шарттық қатынастар;
6) қалқа-банк – банктің тіркелген мемлекетте (аумақта) шоғырландырылған қадағалауға жататын банктік холдингтің тікелей немесе жанама иелігінде болуын қоспағанда, банк ретінде тіркелген және (немесе) банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған мемлекетте (аумақта) іс жүзіндегі қатысуы жоқ резидент емес банк;
7) қаржы мониторингі – осы Заңға сәйкес уәкілетті орган және қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асыратын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
8) қаржы мониторингiне жататын операциялар – қаржы мониторингі субъектісі клиентінің осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялары;
8-1) қаржы тобы – қаржы мониторингі субъектілері болып табылатын және өз арасында осы Заңға сәйкес өзара іс-қимыл жасайтын заңды тұлғалар тобы;
9) қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру – ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жалған мәмiле жасау кезiнде құжаттарды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу мақсатында жеке, заңды тұлғалар немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым жасайтын әрекеттер;
10) қылмыстық жолмен алынған кірістер – қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік;
11) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) – қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмiлелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану, егер мұндай мүліктің қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыруға делдалдық ету;
11-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;
11-2) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлықты, адалдықты растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
11-3) нысаналы қаржылық санкциялар – осы Заңға және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға, жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға жататын қарарларына сәйкес қаржы монторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар қабылдайтын, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар;
12) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;
12-1) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
13) уәкiлеттi орган – осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган;
14) алып тасталды – ҚР 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15) шет мемлекеттің құзыретті органы – шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асыратын органы;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
16) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.02.2025 № 164-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16) іс жүзіндегі қатысуы – банктің басқару органдары мен персоналы бар, банктік қызметке қатысты құжаттарды есепке алу және сақтау жүргізілетін және резидент емес банкке банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия берген уәкілетті органның тексерулері жүргізілетін, тұрақты мекенжай бойынша (пошта жәшігінің мекенжайынан немесе электрондық мекенжайдан басқа) орналасқан, банк қызметін жүргізу орны;
17) іскерлік қатынастар – қаржы мониторингі субъектісінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.10 № 206-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 № 244-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 20-бап. ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 566-бап. Лизинг нысанасы ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 523-бап. Тұрақты рентаны алушы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 120-бап. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 22-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей