Ст. 100 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
100-бап. Жазбаша дәлелдемелер
1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады.
2. Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да адамдар ұсынуы не олардың өтініші бойынша сот талап етіп алдыруы мүмкін. Сот жазбаша дәлелдемелерді өз бастамасы бойынша да талап етіп алдыруы мүмкін.
3. Сот талап еткен жазбаша дәлелдемелерді беруге немесе оны сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ тұлғалар, бұл туралы сот талабының орындалмау себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.
4. Соттың азаматтардан және заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі. Сот жазбаша дәлелдемені талап ету туралы өтінішхат берген тұлғаға одан кейін сотқа ұсыну үшін оны алу құқығын беретін сұрау салуды бере алады.
5. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, төлнұсқада ұсынылады. Егер құжаттың көшірмесі ұсынылған болса, сот қажет болған жағдайда, сондай-ақ осы Кодекстің 68-бабының бесінші бөлігіне сәйкес төлнұсқаны ұсынуды талап етуге құқылы.
Жазбаша дәлелдеменің төлнұсқасын сотқа ұсыну қиын болған кезде сот осы құжаттың тиісті түрде куәландырылған көшірмелері мен үзінділерін ұсынуды талап етуі немесе басқа да жазбаша дәлелдемелерді олардың сақталатын жерінде қарап-тексеру мен зерттеу жүргізуі мүмкін.
6. Электрондық құжаттар нысанындағы дәлелдемелер немесе олардың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған көшірмелері сотқа осы бапта белгіленген қағидалар сақтала отырып ұсынылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында тек электрондық құжатты пайдалануға жол берілмейтін жағдайларды қоспағанда, электрондық құжат дәлелдеме деп танылады.
Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 428-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып немесе талап қоюды қараусыз қалдыра отырып, сот шешімінің күшін жою ҚР Азаматтық процестік кодексі 384-бап. Арызды қарау ҚР Азаматтық процестік кодексі 302-бап. Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер ҚР Азаматтық процестік кодексі 495-бап. Шет мемлекеттiң соттық иммунитетi туралы мәселені шешу тәртiбi ҚР Азаматтық процестік кодексі 207-бап. Куәның айғақтарын жария етуРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 268-бап. Сот ұйғарымы және оны шығару тәртібі Уголовно-исполнительный кодекс РК Статья 85. Порядок исполнения наказания в виде ареста ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 161-бап. Мүлiкке тыйым салу ҚР Азаматтық процестік кодексі 103-бап. Мемлекеттік баж ҚР Азаматтық процестік кодексі 50-бап. Тиісті емес жауапкерді ауыстыруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей