Ст. 123 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
123-бап. Процестік мерзімдердің аяқталуы
1. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді. 2. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы тиісті айында бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.
3. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді.
4. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келген жағдайда жылдармен, айлармен және күндермен есептелетін мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
5. Жасалуына мерзім белгіленген процестік әрекет мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін поштаға, телеграфқа тапсырылса немесе өзге де байланыс құралдары арқылы берілсе, онда мерзім өткізіп алған болып есептелмейді.
6. Егер процестік әрекет тікелей сотта жасалуға тиіс болса, онда мерзім сотта белгіленген ішкі тәртіптеме қағидалары бойынша жұмыс аяқталатын сағатта бітеді.
7. Осы бапта көзделген процестік мерзімдерді есептеу тәртібі сотқа берілетін электрондық құжаттарға да қолданылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 184-бап. Сот отырысы ҚР Азаматтық процестік кодексі 214-бап. Маманның консультациясы (түсiндiрмесi) ҚР Азаматтық процестік кодексі 270-бап. Соттың жеке ұйғарымы ҚР Азаматтық процестік кодексі 194-бап. Iске қатысатын тұлғаларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру ҚР Азаматтық процестік кодексі 177-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуіРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 121-бап. Процестік әрекеттер жасау мерзімдері ҚР Азаматтық процестік кодексі 125-бап. Процестік мерзімдерді тоқтата тұру ҚР Азаматтық процестік кодексі 122-бап. Процестік мерзімдерді есептеу ҚР Азаматтық процестік кодексі 124-бап. Процестік мерзімді өткізіп алудың салдарлары Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық заттардан, сол тектестерден, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей