Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 133-3 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Азаматтық процестік кодексі
133-3-бап. Техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы сот отырысына қатысу

1. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар сот отырысына өздері мәлімдеген өтінішхат бойынша немесе соттың бастамасы бойынша техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатыса алады. 

2. Сот отырысына қатысу үшін пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары төрағалық етушінің іске қатысатын адамның жеке басын анықтау, сондай-ақ өкілдің өкілеттіктерін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. 

Мұндай техникалық мүмкiндiк болмаған кезде сот отырысына қатысу құқығын іске асыруды iске қатысатын адамның тұрғылықты жерi бойынша сот қамтамасыз етедi. 

3. Егер әскери қызметшілердің, емдеу мекемелеріндегі, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі, сондай-ақ күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың іске қатысуын қамтамасыз ету үшін осы мекемелердің техникалық байланыс құралдары пайдаланылатын жағдайда, онда жеке басты анықтау, істі қарайтын соттың оларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіргені және оларды бұзғаны үшін жауаптылық туралы ескертілгені жөнінде қолхат алу осы мекемелер әкімшілігінің жәрдемімен жүзеге асырылады. 

Сот отырысына қатысатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ оның қолхатының куәландырылған көшірмелері алынған күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей, іс материалдарына қосып тігу үшін істі қарайтын сотқа жіберіледі. 

4. Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану тәртібін, оларға қойылатын талаптарды сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды. 

Ескерту. 133-3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...133‑1 133‑2 133‑3 133‑4 134 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться