Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 133 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Азаматтық процестік кодексі
133-бап. Жауапкердің және (немесе) баланың болған жерінің белгісіздігі және оларды іздестіру

1. Жауапкердің нақтылы тұрған жері белгісіз болған кезде көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасының соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды алғанын куәландыратын жазба сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға кіріседі. Мұндай хабарлау тиісінше хабарлау болып табылады. 

Жауапкердің және (немесе) баланың болған жері белгісіз болған кезде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өткен немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы талап бойынша судья жауапкерді және (немесе) баланы іздестіруді жариялау туралы ұйғарым шығаруға міндетті. 

2. Мемлекет мүддесіне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының денсаулығының зақым алуынан немесе қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкердің тұрған жері белгісіз болған кезде сот уәкілетті органдар арқылы жауапкерді іздестіруді жариялауға міндетті. Соттың жауапкерге іздеу жариялауы істі қарауға кедергі болмайды. 

3. Жауапкер өзіне сот шешімінің көшірмелері тапсырылғаннан кейін осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен апелляциялық шағым беру үшін өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат беруге және соттың шешіміне шағым жасауға құқылы. 

4. Жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру жөніндегі шығыстарды өндіріп алу уәкілетті органның арызы бойынша сот бұйрығын беру арқылы жүргізіледі. 

Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-1 тарау. Электрондық сот ісін жүргізу ерекшеліктері


Ескерту. Кодекс 11-1-тараумен толықтырылды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
133-1 бап. Азаматтық сот ісін жүргізу форматы 

1. Азаматтық сот ісін жүргізу талап қоюшы таңдаған сотқа жүгіну тәсіліне қарай қағаз немесе электрондық форматта жүргізіледі. 

2. Сот тараптардың пікірін және процесті жүргізудің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, сот ісін жүргізу форматын өзгерте алады, бұл туралы уәжді ұйғарым шығарады. 

3. Сот ісін электрондық форматта жүргізу кезінде электрондық азаматтық іс қалыптастырылады. 

Бұл ретте соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылған электрондық сот актісі сот актісінің төлнұсқасы болып табылады. 

4. Сот ісін жүргізу форматы өзгертілген кезде, іс материалдары тиісті форматқа өзгертіледі және оларды судья куәландырады.

Статья 1 ...131 132 133 133‑1 133‑2 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться