Ст. 160 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою
1. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот іске қатысатын адамның, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін. Судья іске қатысатын адамдарға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлап, талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою туралы мәселені бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді, алайда олардың келмеуі осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды.
2. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар шешім заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Сот шешімнің заңды күшіне енуімен бірге талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Талап қою қанағаттандырылған кезде оны қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар сот шешімі орындалғанға дейін өзінің қолданысын сақтайды. Қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.
2-1. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, талап қою қараусыз қалдырылған, сондай-ақ талап қою қайтарылған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар сот ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін өз күшін сақтайды.
3. Қаржы ұйымын немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы істі қарайтын сот қаржы ұйымына немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім шығарылғанға дейін сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.
Ескерту. 160-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей