Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 158 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Азаматтық процестік кодексі
158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау

1. Сот: 

1) мүлік туралы мәліметтер болмаған кезде "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен борышкердің мүлкіне тыйым салу үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына; 

2) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 6), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына; 

3) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылса, жауапкерге; 

4) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік органға немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына; 

5) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген жағдайда кепіл ұстаушыға; 

6) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда мүлікке шектеулі билік етуді іске асыратын әділет органына немесе уәкілетті органға не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына; 

7) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда жауапкердің дебиторына; 

8) даулы мүлікке ауыртпалықты салу үшін тіркеуші органға; 

9) шоттардың нөмірлері мен нақты банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы белгілі болған жағдайда, жауапкерге тиесілі және банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу үшін банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға дереу ұсыну үшін қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты мәлімдеген адамға талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды жібереді немесе табыс етеді. 

2. Қамтамасыз ету шаралары қолданылған мүлік туралы мәліметтер болмаған жағдайда, соттың ұйғарымы орындау үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі. 

Өздеріне ұйғарым жіберілген органдар мен адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымының орындалуы туралы оны орындау жөнінде қажетті әрекеттерді жасағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сотқа хабарлауға міндетті. Көрсетілген міндетті орындамау заңда көзделген жауаптылықтың туындауына әкеп соғады. 

3. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды. 

Ескерту. 158-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...156 157 158 159 160 ...505

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться