Ст. 246 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
246-бап. Сот шешiмiн орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, татуласу келiсiмiн немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекiту
1. Іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және (немесе) тараптардың арызы бойынша атқарушылық iс жүргiзуде оны орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі, атқарушылық iс жүргiзуде тараптардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін.
2. Атқарушылық іс жүргізу тараптарының арызы бойынша сот олардың арасында жасалған татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуге құқылы.
3. Атқарушылық iс жүргiзуде сот орындаушысының өтінішхаты немесе тараптардың арызы, сондай-ақ олардың арасында жасалған татуласу келiсiмі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот отырысында қаралады. Iске қатысатын адамдар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуi өтінішхатты немесе арызды шешуге кедергi болып табылмайды.
Сот шешiмiн орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, татуласу келiсiмін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекiту туралы арызды, өтінішхатты сот арыз сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
4. Соттың осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген:
осы Кодекстің 238-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен сот шешiмiн орындауды кейiнге қалдыру, оның мерзiмiн ұзарту туралы, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы;
осы Кодекстің 177-бабының жетінші бөлігіне сәйкес татуласу келiсiмін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекiту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар берілуі, прокурор өтінішхаттар келтіруі мүмкін.
Ескерту. 246-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 101-бап. Жазбаша дәлелдемелерді қайтару ҚР Азаматтық процестік кодексі 11-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық ҚР Азаматтық процестік кодексі 78-бап. Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар ҚР Азаматтық процестік кодексі 368-бап. Арыз беру ҚР Азаматтық процестік кодексі 274-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдеріРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 248-бап. Сот шешiмінiң орындалуын бұру туралы арызды қарау ҚР Азаматтық процестік кодексі 249-бап. Сот орындаушысының ұсынымдарын қарау ҚР Азаматтық процестік кодексі 251-бап. Шешiмдi орындаған кезде басқа тұлғалардың құқықтарының қорғалуы КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 86-бап. Әкімшілік актіні орындау тәртібі мен мерзімдері ҚР Жер кодексi 70-бап. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей