Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 341 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Азаматтық процестік кодексі
341-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру

1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды оның келісімінсіз психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымының өкілі осы адамның тұрғылықты жері бойынша медициналық қорытындылары болған кезде ғана науқастың жұбайының (зайыбының), туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер, прокуратура органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органының бастамасы бойынша береді. 

Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселені шешу жағдайында арызды осындай арыз берілген кезде аталған адамның орналасқан жеріндегі ішкі істер органдары береді. 

2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының оны психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп тану және оған мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттігі туралы уәжді қорытындысы қоса беріледі.
Статья 1 ...339 340 341 342 343 ...505

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии




Рекомендованные страницы

ҚР Азаматтық процестік кодексі 343-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі ҚР Азаматтық процестік кодексі 344-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және оны қарау ҚР Азаматтық процестік кодексі 342-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау ҚР Азаматтық процестік кодексі 337-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды қарау ҚР Азаматтық процестік кодексі 346-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз беру





Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться