Ст. 348 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
348-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады. 2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім туберкулезбен ауыратын азаматты туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға заңда белгіленген мерзімге мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін негіз болып табылады.
3. Туберкулезбен ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын, жазаны өтеу кезеңінде толық емделу курсынан өтпеген азаматты мәжбүрлеп емдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген тәртіппен босатылған жері бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда жүзеге асырылады.
4. Туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.
5. Туберкулезбен ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын азаматты жіберу туралы сот шешімін орындауды осы мекемеге хабарлау негізінде ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 348-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
41-тарау. ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ЖӘНЕ БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНА БАС ҰЙЫМ РЕТІНДЕ КIРЕТIН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ҰЙЫМДАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
Ескерту. 41-тарау алып тасталды – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
42-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сот арқылы банкроттығы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы іс жүргізу
Ескерту. 42-тарау жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 95-бап. Заттай дәлелдемелер ҚР Азаматтық процестік кодексі 80-бап. Куәның айғақтары ҚР Азаматтық процестік кодексі 82-бап. Сот сараптамасын тағайындау ҚР Азаматтық процестік кодексі 86-бап. Үлгiлердi алу кезiнде жеке бастың құқықтарын қорғау ҚР Азаматтық процестік кодексі 151-бап. Талап қоюды қабылдаудан бас тартуРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 346-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз беру ҚР Азаматтық процестік кодексі 351-бап. Арызды қарау ҚР Азаматтық процестік кодексі 350-бап. Қайта құрылымдау туралы арыз беру ҚР Әлеуметтік Кодексі 189-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату ҚР Азаматтық процестік кодексі 173-бап. Істі сот талқылауына тағайындауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей