Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 406 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Азаматтық процестік кодексі
406-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру

1. Осы Кодекстің 401-бабы екінші бөлігінің екінші абзацында, 403-бабының екінші бөлігінде және 404-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым берілген, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген кезде судья шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыратын ұйғарым шығарады және шағым берген адамға, өтінішхат келтірген прокурорға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды. 

2. Егер апелляциялық шағым берген адам, өтінішхат келтірген прокурор ұйғарымдағы нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа алғашқы ұсынылған күні берілді деп есептеледі.  

3. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. 

Ескерту. 406-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...404 405 406 407 408 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?




Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться