Ст. 404 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
404-бап. Апелляциялық шағымның, прокурор өтінішхатының мазмұны
Ескерту. 404-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында:
1) апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты жіберілетін соттың атауы;
2) апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беретін тұлғаның атауы;
3) шағым жасалатын немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралатын шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы;
4) әдетте қолданылуға жататын заңдарға және іс материалдарына сілтеме жасай отырып, сот шешімінің заңсыздығы немесе негізсіздігі неден көрінетіндігіне нұсқау;
5) шағым жасалып отырған немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралып отырған шешімнің заңдылығын қандай бөлігінде тексеру керек екендігіне және шағымды, прокурордың өтінішхатын беретін тұлғаның қандай өзгерістер енгізуді талап ететініне нұсқау;
6) шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
7) шағым, прокурордың өтінішхаты берілген күн және шағымды, прокурордың өтінішхатын беретін адамның қолтаңбасы қамтылуға тиіс. Өкіл қол қойған шағымға сенімхат немесе істе мұндай құжат болмаса, өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.
Электрондық құжаттар нысанында шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген кезде олар оны беретін адамның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжаттар нысанындағы шағымға, прокурордың өтінішхатына құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
2. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында бірінші сатыдағы сотта мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс.
Бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасауға, егер шағымда, прокурордың өтінішхатында оларды бірінші сатыдағы сотқа ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесі болса, оның ішінде, егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта оларды зерттеу және (немесе) талап етіп алдыру туралы өтінішхат мәлімделіп, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, жол беріледі.
Ескерту. 404-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 182-бап. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім және оны орындау ҚР Азаматтық процестік кодексі 435-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне кассациялық шағым беруге, наразылық келтіруге, олардан бас тартуға және кері қайтарып алуға құқығы бар тұлғалар ҚР Азаматтық процестік кодексі 36-бап. Соттың алқалы құрамының мәселелерді шешу тәртібі ҚР Азаматтық процестік кодексі 124-бап. Процестік мерзімді өткізіп алудың салдарлары ҚР Азаматтық процестік кодексі 199-бап. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған кезде куәлардан жауап алуРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 402-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қарайтын соттар ҚР Азаматтық процестік кодексі 401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, прокурорлардың өтінішхаттар келтіру құқығы ҚР Азаматтық процестік кодексі 403-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру тәртібі мен мерзімдері ҚР Азаматтық процестік кодексі 424-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей