Ст. 405 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
405-бап. Бiрiншi сатыдағы сот судьясының апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейiнгi әрекеттерi
Ескерту. 405-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. Бірінші сатыдағы соттың судьясы мерзімінде берілген және осы Кодекстің 401-бабы екінші бөлігінің екінші абзацының, 403, 404-баптарының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейін мынадай әрекеттерді жасайды:
1) шағым, прокурордың өтінішхаты келіп түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей іске қатысатын адамдарға шағымның, прокурор өтінішхатының көшірмелерін және оларға қоса берілген жазбаша дәлелдемелерді не соттың интернет-ресурсы арқылы бұлардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлауды жібереді.
Тараптарға ұсыну мерзімі көрсетіле отырып, олардың шағымға, прокурордың өтінішхатына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі;
2) шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.
2. Апелляциялық шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі үшін белгіленген мерзім өткенге дейін азаматтық істі соттан ешкім талап етіп алдыра алмайды. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ іске қатысуға тартылмаған, бірақ құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот шешім қабылдаған тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға берілген қарсылықтармен танысуға құқылы.
Ескерту. 405-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 253-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату ҚР Азаматтық процестік кодексі 192-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу ҚР Азаматтық процестік кодексі 438-бап. Iстердi талап етіп алдырудың және заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қарау негiздерi ҚР Азаматтық процестік кодексі 447-бап. Татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 403-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру тәртібі мен мерзімдері ҚР Азаматтық процестік кодексі 402-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қарайтын соттар ҚР Азаматтық процестік кодексі 401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, прокурорлардың өтінішхаттар келтіру құқығы ҚР Азаматтық процестік кодексі 503-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату ҚР Азаматтық процестік кодексі 414-бап. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға дайындауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей