Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 424 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.09.2023

ҚР Азаматтық процестік кодексі
424-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

1. Апелляциялық сатыдағы сот: 

1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыруға; 

2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге; 

3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға; 

4) осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не талап қоюды қараусыз қалдыруға; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген процестік құқық нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, шешімнің күшін жоюға және істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6) осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша сот шешімінің күші жойылған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша істі мәні бойынша қарау үшін өз іс жүргізуіне қабылдауға; 

7) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және талап қоюды, егер мұндай арыз бірінші сатыдағы сотқа берілген және сот мәні бойынша шешпеген жағдайда, осы Кодекстің 279-бабының 8) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға; 

8) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және талап қоюды, егер талап қоюшы мұндай талап қоюды апелляциялық сатыдағы сотта қолдамаса, осы Кодекстің 279-бабының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға құқылы. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-бөлікті алып тастау көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға жіберілген кезде апелляциялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы, бір дәлелдеменің басқаларынан артықшылығы туралы, материалдық құқықтың қандай нормасы қолданылуға тиіс екендігі туралы, сондай-ақ істі жаңадан қараған кезде қандай шешім шығарылуға тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-бөлікті алып тастау көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға берілген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған процестік әрекеттерді жасау қажеттігі туралы нұсқаулар істі жаңадан қарайтын сот үшін міндетті болады. 

Ескерту. 424-бап жаңа редакцияда – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...422 423 424 425 426 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

сігу керек


Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?  


Мой муж умышленно разбил все окна, просто превратил в металлолом машину моего брата. Как наказывают таких придурков?



Здравствуйте я купил скутер в каталоге было комплекты но когда пришла сам скутер комплект не было и еще она не заводится 3,000км гарантия есть но я уже не хочу этот имущества что делать?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться