Ст. 435 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
435-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне кассациялық шағым беруге, наразылық келтіруге, олардан бас тартуға және кері қайтарып алуға құқығы бар тұлғалар
Ескерту. 435-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Кодекстiң 434-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген сот актiлерiне дау айту туралы кассациялық шағымды тараптар, iске қатысатын тұлғалар, сот актілерінде мүдделері қозғалатын басқа да тұлғалар және олардың өкілдері беруi мүмкiн.
1-1. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы кассациялық шағым беру құқығын жоғары тұрған органның міндетті түрде келісуімен іске асырады.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры заңды күшіне енген сот актілеріне өз бастамасы бойынша да, осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша оларға берген, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаттары бойынша да наразылық келтіруге құқылы.
Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты қатынастардан туындайтын істер бойынша инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың мүдделерін қозғайтын, заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы.
Өтінішхат наразылыққа қоса беріледі.
3. Кассациялық шағым берген тұлға, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде шағым берген прокурор кассациялық шағымнан бас тартуға немесе оны кері қайтарып алуға құқылы, наразылық келтірген прокурор оны кассациялық шағым, наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.
Кассациялық шағымнан бас тарту кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізудің тоқтатылуына алып келеді. Кассациялық шағымды қайтадан беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда шағым қайтарылады.
Кері қайтарып алынған жағдайда кассациялық шағым, наразылық осы Кодекстің 436-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қайтадан берілуі мүмкін.
4. Алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 435-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 474-бап. Шетелдік және халықаралық ұйымның процестік құқыққа қабілеттілігі ҚР Азаматтық процестік кодексі 490-бап. Еңбек даулары бойынша шет мемлекеттің соттық иммунитетін қолданбау ҚР Азаматтық процестік кодексі 487-бап. Мүлiкке құқықтарға қатысты даулар бойынша шет мемлекеттің соттық иммунитетін қолданбау ҚР Азаматтық процестік кодексі 47-бап. Тараптар ҚР Азаматтық процестік кодексі 191-бап. Аудармашыға оның мiндеттерiн түсiндiруРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 437-бап. Iстердi кассациялық тәртiппен қарайтын соттар ҚР Азаматтық процестік кодексі 439-бап. Наразылық келтіру ҚР Азаматтық процестік кодексі 438-бап. Iстердi талап етіп алдырудың және заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қараудың себептерi мен негiздерi ҚР Азаматтық процестік кодексі 436-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне дау айту, наразылық келтіру мерзiмдерi ҚР Азаматтық процестік кодексі 433-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау тәртібіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей