Ст. 441 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
441-бап. Сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымның және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттың мазмұны
1. Кассациялық сотқа берілетін сот актiсiн кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымда және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосына, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларына берілетін кассациялық наразылық келтіру туралы өтiнiшхатта:
1) кассациялық шағым немесе өтiнiшхат жіберіліп отырған соттың немесе лауазымды адамның атауы;
2) кассациялық шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты беретін тұлғаның және олар мүддесі үшін беріліп отырған тұлғаның атауы, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi және iстегi процестік жағдай;
3) iске қатысатын тұлғалардың тұрғылықты жерлері немесе орналасқан жерлерi көрсетіліп, оларды санамалау;
4) iстi бiрiншi, апелляциялық сатыларда қараған соттарға нұсқау және олар қабылдаған шешiмдердiң мазмұны;
5) қайта қарауға, наразылық келтіруге жататын сот актісіне нұсқау;
6) материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуы неде екендігіне және шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты беретін тұлғаның өтініші неден тұратындығына нұсқау қамтылуға тиіс;
7) осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша наразылық келтіру туралы өтінішхат берілген жағдайда, өтінішхатта сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің айрықшалығы неде екендігі көрсетілуге тиіс;
8) өкіл берген кассациялық шағымда, наразылық келтіру туралы өтінішхатта талап негізделетін заң нормасына сілтеме қамтылуға тиіс.
2. Егер кассациялық шағым немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат iске қатыспаған тұлғаның мүддесі үшін берілсе, оларда дау айтылып отырған сот актісінде осы тұлғаның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетiлуге тиiс.
3. Егер кассациялық шағым бұрын кассациялық сатыдағы сотқа берiлсе және қайтарылған болса, шағымда оның қайтарылу себептері көрсетiлуге тиiс.
4. Кассациялық шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты берген тұлға оларға қол қоюға тиiс. Шағым немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат электрондық құжат нысанында берілген кезде олар беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Кассациялық шағымға, наразылық келтіру туралы өтінішхатқа өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат қоса беріледі. Электрондық құжат нысанында берілетін шағымға немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатқа құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі.
5. Сот актісіне дау айту туралы кассациялық шағымға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
Ескерту. 441-бап жаңа редакцияда – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 98-бап. Заттай дәлелдемелерге билік ету ҚР Азаматтық процестік кодексі 421-бап. Сот жарыссөздері ҚР Азаматтық процестік кодексі 65-бап. Дәлелдемелердің жарамдылығы ҚР Азаматтық процестік кодексі 210-бап. Заттай дәлелдемелердi зерттеу ҚР Азаматтық процестік кодексі 1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасыРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 443-бап. Өтiнiшхатты алдын ала қарау ҚР Азаматтық процестік кодексі 439-бап. Наразылық келтіру ҚР Азаматтық процестік кодексі 437-бап. Iстердi кассациялық тәртiппен қарайтын соттар ҚР Азаматтық процестік кодексі 438-бап. Iстердi талап етіп алдырудың және заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қараудың себептерi мен негiздерi ҚР Азаматтық процестік кодексі 440-бап. Наразылықтың мазмұныРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей