Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Азаматтық процестік кодексі
6-бап. Заңдылық

1. Сот азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы конституциялық заңдарының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, қолданылуға жататын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті. 

2. Соттар адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, олардың жекелеген ережелерін қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт, олардың жекелеген ережелері адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және бұл актіні, оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасауға міндетті. Сот Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады. 

3. Сот істі қарау және шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге де органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттіктерді асыра пайдаланып шығарылған деп белгілесе, заңның нормаларын қолданады. 

4. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда, сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып, дауды шешеді. 

5. Егер заңда немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып шешуге міндетті. 

Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...505

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться