Ст. 115 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
115-бап. Жер қойнауы учаскесін бөліп шығару
1. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін бөліп шығару жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша мынадай жағдайларда:
1) барлау учаскесінің бір бөлігін бөліп шығару – егер әрбір бөліктің шегінде осындай кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатса;
2) барлау учаскесін бөліп шығару – егер барлау мен өндіруге арналған келісімшартта әрбірінің шегінде кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатқан екі немесе одан көп барлау учаскелері бекітілсе;
3) өндіру учаскесін бөліп шығару – егер барлау мен өндіруге арналған келісімшартта кемінде бір барлау учаскесі және кемінде бір өндіру учаскесі бекітілсе;
4) өндіру учаскесін бөліп шығару – егер барлауға және өндіруге арналған келісімшартта екі немесе одан көп өндіру учаскесі бекітілсе;
5) өндіру учаскесін бөліп шығару осы Кодекстің 119-бабының 18-2 және 18-3-тармақтарында көзделген жағдайларда;
6) осы Кодекстің 153-1-бабына сәйкес сарқылып жатқан кен орындарына жататын өндіру учаскесін бөліп шығару жүргізіледі.
2. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесін бөліп шығару бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) жер қойнауы учаскесін бөліп шығару жүргізілетін барлауға және өндіруге арналған келісімшарт осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін жасалған, оның ішінде келісімшарт осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және барлау кезеңінде құзыретті орган бекіткен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өткен;
2) егер жер қойнауын пайдалану құқығына кепілмен ауыртпалық салынған болса, кепіл ұстаушының бөліп шығаруға алдын ала келісімі болған;
3) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болмаған кезде жүргізіледі.
Осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушымен үлестес болып табылмайтын тұлғаға бөліп шығарылатын учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару жөніндегі міндеттеме өндіру учаскесін бөліп шығарудың қосымша шарты болып табылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің талабы осы Кодекстің 119-бабының 18-2 және 18-3-тармақтарында көзделген жағдайларда жер қойнауы учаскелерін бөліп шығаруға қолданылмайды.
3. Жер қойнауы учаскесін бөліп шығару ол жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізумен және бөліп шығарылған жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшарт жасаумен ресімделеді.
4. Бөліп шығарылған жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың барлау кезеңі, дайындық кезеңі немесе өндіру кезеңі мен өзге де шарттары бөліп шығару жүргізілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес келуге тиіс.
5. Жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы өтініш:
1) жер қойнауын пайдаланушының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауын;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күнін;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшартқа бөлу болжанатын жер қойнауы учаскесіне (оның бір бөлігіне) нұсқауды қамтуға тиіс.
6. Өтінішке қосымша:
1) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, осы Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған негізгі учаскесін белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру, сондай-ақ барлау учаскесінің бір бөлігі бөліп шығарылған жағдайда, бөліп шығарылатын жер қойнауы учаскесіне жататын жұмыстардың түрлері мен көлемдеріне азайтылған жұмыстар бағдарламасы;
2) құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген және осы баптың 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін, өтініш иесі қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт, сондай-ақ барлау учаскесінің бір бөлігі бөліп шығарылған жағдайда, бөліп шығарылатын жер қойнауы учаскесіне жататын жұмыстардың түрлері мен көлемдері қамтылған жұмыстар бағдарламасы қоса беріледі.
Бұл ретте барлау учаскесінің бір бөлігі бөліп шығарылғанға дейін барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жұмыстарының бағдарламасында көзделген жұмыс түрлері мен көлемдері жер қойнауының негізгі учаскесі бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруда және бөліп шығарылған жер қойнауы учаскесі бойынша жасалған барлауға және өндіруге арналған келісімшартта көзделген жұмыс түрлері мен көлемдерінен кем болмайды.
7. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы шешім қабылдайды немесе учаскені бөліп шығарудан бас тартады.
8. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөліп шығарудан:
1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы бапта белгіленген шарттар сақталмаса бас тартады.
Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін бөліп шығарудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
9. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш иесімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру және жер қойнауын пайдалануға бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша жеке келісімшарт жасасады және өтініш иесіне олардың қол қойылған даналарын жібереді.
Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-ТАРАУ. КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ КЕЗЕҢДЕРІ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Здравствуйте ! Можно ли отозвать работника из очередного оплачиваемого отпуска день в день?
Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?
Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей