Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 113 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
113-бап. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту

1. Көмірсутектерін барлауға және өндіруге немесе өндіруге келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:  

1) жер қойнауын пайдаланушы болжамды контуры жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптаманың оң қорытындыларын алған базалық жобалық құжатта белгіленген жер қойнауы учаскесінің шегінен шығып жатқан кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) тапқан;  

2) жер қойнауы учаскесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануында болған жағдайды қоспағанда, сұралатын жер қойнауы учаскесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланудан бос болған; 

3) жер қойнауы учаскелері жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған базалық жобалау құжатында белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатқан блоктармен сұратылған;  

4) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болмаған кезде жүргізіледі.  

2. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы өтініште: 

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы; 

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні; 

3) жер қойнауының бастапқы учаскесін ұлғайту болжанатын, сұралатын жер қойнауы учаскесіне нұсқау қамтылуға тиіс. 

3. Өтінішке қосымша мыналар:  

1) барлау учаскесі ұлғайтылатын жағдайда – жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және сұралатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы орындауға міндеттенетін, өтініш иесі жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстар көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарға пропорционалды сәйкес келетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасы мен мерзімін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;  

2) мыналарды:  

жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды (келісімшартқа осы Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауы (ұлғайтылған) учаскесін белгілейтін қосымша түрінде); 

жер қойнауын пайдаланушының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін, қосымша жұмыстар бағдарламасын орындауы жөніндегі міндеттемелерін көздейтін жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру қоса беріледі.  

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, егер жер қойнауының барлық кеңейтілетін учаскесі немесе оның бір бөлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауының басқа учаскесінің шекаралары шегінде орналасқан болса, өтінішке жер қойнауы учаскесін мөлшерлес азайтуды көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру да қоса беріледі. 

4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган:  

1) жер қойнауы учаскесін ұлғайту немесе ұлғайтудан бас тарту туралы шешім қабылдайды; 

2) қабылданған шешім туралы өтiнiш берушiнi хабардар етеді. 

5. Құзыретті орган: 

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; 

2) осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталмаса жер қойнауы учаскесін ұлғайтудан бас тартады. 

Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін ұлғайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.  

6. Құзыретті орган өтініш иесінен қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.  

7. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін, дайындық кезеңін немесе өндіру кезеңін ұлғайту үшін негіз болып табылмайды.  

Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...111 112 113 114 115 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться