Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 214 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
214-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі

1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесінде пайдалы қатты қазбалардың кез келген түрін өндіруге және оған барлау жүргізуге құқылы. 

2. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға енгізілген қорлары және (немесе) ресурстары бар және жер қойнауын пайдаланушы үшін коммерциялық қызығушылық тудыратын жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі. 

3. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі барлық жұмыстар құжатталуға жатады. Құжаттама жер қойнауы учаскесін анық зерттеу және кейіннен игеру үшін қажетті жұмыстардың сипаттамасын қамтуға тиіс. 

4. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы: 

1) өндіруде қолданылатын техникалық құралдардың оңтайлылығы мен қауіпсіздігін; 

2) пайдалы қатты қазбалардың кен орнын оның игерілуін күрделендіруге, кен орны ресурстарының сапасын төмендетуге алып келетін қауіпті техногендік процестер көріністерінен қорғауды; 

3) өндірілген пайдалы қатты қазбалардың, өндіру кезінде түзілетін өндіріс қалдықтарының анық есепке алынуын; 

4) өндіру кезінде, зертханалық зерттеулер мен талдаулар деректерін қоса алғанда, алынған бірінші және екінші геологиялық ақпараттың анықтығы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.  

5. Егер бұл экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына қайшы келмесе, пайдалы қатты қазбаларды өндіру барысындағы тау-кен массасының және (немесе) орын ауыстырылатын топырақтың көлемі шектелмейді.  

Өндіру барысында алынатын пайдалы қатты қазбалар (пайдалы құрауыштар) жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.  

6. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде су қорғау іс-шараларын орындауға, сондай-ақ тау-кен қазындыларына ағатын жерасты суларына қатысты су объектілерін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті. 

Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тау-кен қазындыларына жерасты суларының технологиялық жағынан шарасыз ағуы арнайы рұқсаттар немесе лицензиялар алуды талап етпейді.  

Тау-кен қазындыларына ағатын жерасты суларын пайдалану Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.  

Ескерту. 214-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2023 № 52-VIII (31.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...212 213 214 215 216 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться