Ст. 168 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
168-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіру
1. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдарының және салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдардың:
кірістер алу үшін пайдаланылатын аумаққа және (немесе) үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа);
салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге зерттеп-қарау үшін кіруін;
осы Кодекстің 160-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдарының және салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдардың:
салық органының нұсқамаларын, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайларына кіру үшін арнаулы рұқсаттар қажет болса, арнаулы рұқсаттарды көрсеткен кезде кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті):
1) нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетпеген;
2) салық органының лауазымды адамдары және (немесе) салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдар нұсқамада көрсетілмеген;
3) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы рұқсат қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында және (немесе) салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдарда салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайларына кіруге арнаулы рұқсат болмаған жағдайларда, аумағына және (немесе) үй-жайларына кіргізуден бас тартуға құқылы.
3. Салық органдарының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдарының және салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдардың кіруіне тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) негізсіз бас тартқан және (немесе) кедергі келтірген жағдайда, рұқсат бермеу туралы акт жасалады.
4. Рұқсат бермеу туралы актіге:
1) салық органының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдары;
2) мамандар;
3) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті);
4) осы Кодекстің 182-бабында айқындалған тәртіппен тартылған куәгерлер қол қояды.
Салықтық тексеру тағайындалған салық төлеуші (салық агенті) рұқсат бермеу туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының салықтық тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген лауазымды адамы осындай актіге бұл туралы тиісті жазба жасайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Салық кодексi 169-бап. Салық сомасын есептеу ҚР Салық кодексi 770-бап. Салықты төлеу мерзімі Өнеркәсіптік саясат туралы 51-3-бап. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар ҚР Салық кодексi 398-бап. Салық мөлшерлемелері Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары м...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей