Ст. 169 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
169-бап. Бақылау-касса машинасын салық органынан есептен шығару
1. Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда: 1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;
2) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) бақылау-касса машинасын техникалық ақауы болуына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
4) бақылау-касса машинасы мемлекеттік тізілімнен алып тасталған;
5) бақылау-касса машинасының техникалық ақауы жоқ моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;
6) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына қолданылмайды.
2. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару:
1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешенді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін оны пайдалану жері бойынша салық органына:
1) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш;
2) салық органының пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасы;
3) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы мен тауар чектері кітабы;
4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы ұсынылады.
4. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
5. Салық органы бақылау-касса машинасын есептен шығаруды:
1) фискалдық деректер операторының мәліметтерін;
2) бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Ескерту. 169-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей