Ст. 166 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
1. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру мынадай:
1) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды салуға байланысты, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша салықтық өтініш ұсынылған;
2) қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап ұсынылған;
3) бұрын бюджеттен салық төлеушіге қайтарылған, оның ішінде оңайлатылған тәртіппен қайтарылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізілген жағдайда жүзеге асырылады.
2. Қосылған құн салығын қайтару бойынша тақырыптық салықтық тексеру бір мезгілде мынадай:
1) қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау;
2) қайтаруға ұсынылған немесе бұрын расталған қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мәселелері бойынша жүргізіледі.
3. Тексерілетін кезеңге:
1) осы Кодекстің 129-бабын қолдануға байланысты түзілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтаруға өтініш берілген кезде – салықтық өтініште көрсетілген салықтық кезең;
2) қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап берілген кезде – қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынылған салықтық кезең бойынша қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойған салықтық кезең;
3) қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап берілген кезде – салықтың осы түрі бойынша тексерулер жүргізілмеген және талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын салықтық кезеңдер;
4) бұрын бюджеттен салық төлеушіге қайтарылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру немесе кешенді салықтық тексеру жүргізілген жағдайда – бұрын қосылған құн салығының асып кету сомалары қайтарылған салықтық кезеңдер кіреді.
4. Осы Кодекстің 129-бабына сәйкес қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында қосылған құн салығын қайтару бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысы басталған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған салықтық кезеңнен басталатын уақыт кезеңі кіреді.
5. Мынадай:
1) осы Кодекстің 129-бабына сәйкес қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау кезінде қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріледі;
2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін түзілген қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау кезінде қарсы салықтық тексерулерді қоса алғанда, салық төлеушіге бұрын жүргізілген салықтық тексерулер нәтижелері ескеріледі.
6. Осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде мынадай:
1) тауарлар экспортталған жағдайда – ЕАЭО-ның кедендік аумағынан экспорттың кедендік рәсімімен тауарларды әкету фактісін растайтын мәліметтер және тауарлар экспортын растайтын құжаттардан алынған мәліметтер;
2) кейіннен басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері әкетіле отырып, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда – Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттардан алынған мәліметтер;
3) ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері кейіннен өткізіле отырып, ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда – ЕАЭО-ның кедендік аумағынан қайта өңдеу өнімдерін әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуі мынадай:
1) тауарлар экспортталған;
2) тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнын өтеу бөлігінде – тауарға меншік құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына тауарлар әкетілген;
3) қайта өңдеу өнімдері кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкетіле отырып, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде ескеріледі.
Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы банк ұйымдарындағы банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде қызметті жүзеге асыратын, өндірілген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізетін;
2) жер қойнауын пайдаланушының роялтиді және (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін заттай нысанда төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындауы есебінен пайдалы қазбаларды беруді көздейтін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
8. Сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша тауарлар экспортталған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде:
1) сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы жөніндегі шарттың (келісімшарттың);
2) сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларға арналған импорттық декларацияның болуы ескеріледі.
9. Сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына тауарлар экспортталған, заттай түрде қарыз берілген жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде:
1) сыртқы саудағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы жөніндегі шарттың (келісімшарттың);
2) заттай түрде қарыз беру жөніндегі шарттың (келісімшарттың);
3) көрсетілген операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің болуы ескеріледі.
10. Қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын айқындау мақсатында тексеруді жүргізу кезінде салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады, оның шеңберінде "Өнім берушілер бойынша пирамида" талдамалық есебі қалыптастырылады.
Электрондық шот-фактураларды, қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті және (немесе) салық органының ақпараттандыру объектілерінің мәліметтерін зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырмалы бақылау нәтижелері осы баптың мақсаттары үшін "Өнім берушілер бойынша пирамида" талдамалық есебі болып табылады.
11. Қосылған құн салығын қайтару бойынша тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қосылған құн салығының қайтарылуға жататын асып кету сомасы айқындалады.
Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша, егер:
1) өнім берушімен және сатып алушымен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге берілген сұрау салуларға жауап алынбаса немесе оның ішінде:
тұрған жері бойынша өнім берушінің болмауы;
өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебі бойынша қарсы салықтық тексеру жүргізілмесе;
2) салықтық кезеңде тікелей өнім берушіде қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікте көрсетілген мәліметтер мен өнім берушінің барлық жазып берілген шот-фактуралары бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер арасындағы салыстыру кезінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомасының төмендетілгені анықталса;
3) салықтық тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіге немесе оның тікелей өнім берушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 және 245-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалса;
4) тексерілетін салық төлеуші немесе оның тікелей өнім берушісі бойынша электрондық шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрса;
5) тікелей өнім берушіде қосылған құн салығы бойынша бересі болса;
6) валюталық түсім түспесе (толық көлемде түспесе);
7) экспорттау кезінде тауарларды әкету фактісі расталмаса (толық көлемде расталмаса), қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
12. Осы баптың ережелері салық органы қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да қолданылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР Салық кодексi 4-бап. Салықтарға және басқа да төлемдерге байланысты ұғымдар ҚР Салық кодексi 136-бап. Камералдық бақылау ҚР Салық кодексi 562-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларация ҚР Салық кодексi 656-бап. Есептеу, төлеу тәртібі мен төлеу мерзімдері ҚР Салық кодексi 303-бап. Осы параграфтың ережелерін қолдану тәртібіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей