Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 180 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Салық кодексi
180-бап. ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру

1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінген тауарлар айналымын қадағалап отыру ұлттық қадағалап отыру жүйесі пайдаланыла отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды және осындай тауарлар айналымына байланысты операцияларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. 

2. Ұлттық қадағалап отыру жүйесі – қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді жинауды, есепке алуды және сақтауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта айқындалған тәртіппен және мерзімдерде қамтамасыз ететін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі. 

3. Қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер: 

1) электрондық құжаттар түрінде ресімдеу: 

техникалық іркілістерден; 

байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысының бұзылуынан; 

электр энергиясының өшіп қалуынан; 

халықаралық шартта белгіленген тәртіппен айқындалған өзге де жағдайларда туындаған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына байланысты мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, ілеспе құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдеуге; 

2) ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілуге жататын толық және анық мәліметтерді ұсынуға міндетті. 

Электрондық шот-фактура ұлттық қадағалап отыру жүйесінің ілеспе құжаты болып табылады. 

Бұл ретте алып өткен кезде тауарларға ілеспе жүкқұжатты ресімдеу талап етілетін тауарлар бойынша электрондық шот-фактура тауарларға ілеспе жүкқұжат негізінде жазып беріледі. 

4. Халықаралық шарттан туындайтын тауарлар айналымын қадағалап отыру жөніндегі міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін салық төлеушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

5. Салық органы: 

1) халықаралық шартқа сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымын қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін; 

2) ұлттық қадағалап отыру жүйесінде қамтылған, қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді халықаралық шартқа сәйкес ЕАЭО-ға мүше тиісті мемлекетке жіберуді қамтамасыз етеді. 

6. Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуі қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Статья 1 ...178 179 180 181 182 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться