Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 201 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

ҚР Салық кодексi
201-бап. Жалпы ережелер

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізуі және салықтық міндеттемелерін айқындау және орындау тәртібі бөлігінде осы Кодекстің нормаларын қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

1) активтер – дара кәсiпкер бақылап отыратын, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн мүлік; 

2) бастапқы есепке алу құжаттары – салықтық есепке алуды жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiн және оны жасауға құқықты қағаз жеткізгіште де, электрондық жеткiзгiште де құжаттамалық куәландыру; 

3) биологиялық актив – ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік;  

4) запастар – сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте, әкімшілік мақсаттар үшін немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер; 

5) капитал – дара кәсiпкердiң активтерінде барлық мiндеттеме шегерiлгеннен кейiн қалатын үлес; 

6) кірістер – есептi кезең iшiнде активтердiң түсуі немесе өсуi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаның жарналарымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына алып келеді; 

7) материалдық емес актив – физикалық пішіні жоқ, өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруге арналған сәйкестендірілетін ақшалай емес актив; 

8) мiндеттеме – дара кәсiпкердiң жүктелген мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына алып келеді; 

9) негізгі құралдар – материалдық активтер: 

олар тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруге арналған; 

оларды бір жылдан астам уақыт бойы пайдалану болжанады.
Статья 1 ...199 200 201 202 203 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться