Ст. 207 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
207-бап. Салықтық есептілікті, оның ішінде жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін жасау ерекшеліктері
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi (салық агенті) салықтық есептілікті әрбір қызмет түрi бойынша бөлек жасайды. Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауысқан жағдайда, көрсетiлген күнтiзбелiк жылда:
арнаулы салық режимiн;
жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолданған кезең үшін салықтық есептілік жеке жасалады.
2. Осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қажеттігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті жасайды.
3. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғалар жасайды.
Жалға алу (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушiнің тұрған жері бойынша есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтін мерзімде жасалады және салық органына ұсынылады.
Лучшие юристы





Здравствуйте,Где можно посмотреть новую классификацию основных средств на 2021 год
сушествует ли срок исковой давности по кредиту
Здравствуйте Я учительница инвалид 2 группы.Допустимо ли забрать часы ссылаясь на инвалидность?
на какой минимальной высоте может летать самолет над населенным пунктом?
добрый день. работник допустил грубую ошибку в работе повлекшую убытки в очень крупном размере. имеет ли право работодатель перевести данного работника на должность ступенью ниже?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей