Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 206 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.10.2026

ҚР Салық кодексi
206-бап. Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға қойылатын талаптар

1. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасайды. 

Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы салық төлеушіден (салық агентінен) олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасын талап етуге құқылы. 

2. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық нысанда жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды, бухгалтерлік құжаттаманы және бастапқы есепке алу құжаттарын қоспағанда, осындай құжаттаманың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде ұсынуға міндетті. 

3. Салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілеріне немесе салық салуға байланысты объектілерге қатысты есепке алу құжаттамасын салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің әрбір түрі үшін осы Кодекстің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін, бірақ кемінде бес жыл сақтайды. 

Есепке алу құжаттамасын сақтау мерзімі, егер олар белгілеген сақтау мерзімі осы тармақта белгіленген мерзімінен асып кететін болса, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай есепке алу құжаттамасының негізінде салықтық міндеттеме есептелген кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен басталады. 

4. Салық төлеуші І топтың тiркеп-белгіленген активінің, осы Кодекстің 303 – 313-баптарына сәйкес түзілген амортизацияланатын активтердің жеке топтарының, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген (алынған) тiркеп-белгіленген активтің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелген соңғы салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап бес жыл өткенге дейін сақтайды. 

Салық төлеуші II, III және IV топтың тiркеп-белгіленген активінің, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген (алынған) тiркеп-белгіленген активінің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осы Кодекстің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, бірақ осындай актив тiркеп-белгіленген активтер тобының құндық балансына енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап кемінде бес жыл сақтайды. 

Салық төлеуші салық салу мақсатында амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын салық төлеушіде амортизацияға жатпайтын активтің шығып қалуы орындалған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап бес жыл бойы сақтайды. 

5. Салық салу объектілеріне немесе салық салуға байланысты объектілерге қатысты, салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің 17-бөліміне сәйкес салықтық преференциялар мен жеңілдіктерді қолдануы көзделген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есепке алу құжаттамасы осы Кодекстің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі бойы сақталады. 

6. Салық төлеушіні қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі. 

1-параграф. Шот-фактура

Статья 1 ...204 205 206 207 208 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться