Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 232 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.09.2020


ҚР Салық кодексi
232-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 250-бабының 1, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн төмендетуден түсетiн кірістер деп: 

1) борышкер талапты орындаған кезде – орындау сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы; 

2) борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн цессия шартын жасасу жолымен талап ету құқықтарын басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңарту, басқаға қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде азайтқан кезде, есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы; 

3) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтердi) күтілетін кредиттік залалдардың бағалануын өзгерту нәтижесінде азайту сомалары танылады.  

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

2. Осы Кодекстің 250-бабының 2-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн төмендетуден түсетiн кірістер деп: 

1) борышкер талапты орындаған кезде – орындау сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары; 

2) борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн цессия шартын жасасу жолымен талап ету құқықтарын басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңарту, басқаға қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде азайтқан кезде, талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы; 

3) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтердi) күтілетін кредиттік залалдардың бағалануын өзгерту нәтижесінде азайту сомалары; 

4) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың (резервтердің) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған сомасы танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомасы банктің 2026 жылға тура келетін салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісіне қосылады.  

3. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

4. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

5. Есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi мынадай жағдайларда азайтылған кезде осы Кодекстiң 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн төмендетуден түсетiн кiрiс деп танылмайды: 

1) борышкер-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен таратылуына байланысты оны Бизнес-сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау; 

2) борышкер-жеке тұлғаны заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп тану немесе оны заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жариялау; 

3) борышкер-жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiлеу, сондай-ақ борышкер-жеке тұлғаның қайтыс болу жағдайы; 

РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

4) борышкердің және осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілігі бар үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары, немесе кірістері болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулысының заңды күшіне енуі; 

РҚАО-ның ескертпесі!

5) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

5) осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына, немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; 

6) борышкер-дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығару; 

7) екінші деңгейдегі банктің, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құқығы басқаға берілген күні екінші деңгейдегі банк, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құқығының құны мен екінші деңгейдегі банктің, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) борышкерден алуына жататын кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде екінші деңгейдегі банктің, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құқықтарын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген заңды тұлғаларға беруі; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салықтық кезеңде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда, осы Кодекстің 250-бабының 1 және 7-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуда төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттық есеп айырысулар және кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес азайтуы; 

9) осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты борышкерге қойылатын талап мөлшерін кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасының салықтық кезеңнің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;  

10) осы Кодекстiң 250-бабының 3-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушiнің кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғынжай қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландырылуға жататын ипотекалық тұрғынжай қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшерін кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасының салықтық кезеңнің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең; 

11) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

6. Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған, бұрын шегерімге жатқызылған сақтандыру резервтерінің есепті салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері мен осындай резервтердің алдыңғы салықтық кезең соңындағы мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін төмендетуден түсетін кірісі болып танылады. 

Ескерту. 232-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 
Статья 1 ...230 231 232 233 234 ...776

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Отпуск за свой счёт , высчитывают в двойном размере заработной платы ,это есть такой закон?


Здравствуйте! Административно-бытовое здание принадлежит 5 собственникам в разных долях. Что создать "Простое товарищество" или ОСИ для того что бы содержать зднание.


Здравствуйте, Вам необходимо зарегистрировать свои права на данный дом. Если есть договор купли-продажи и на дом не наложены аресты, то Вам необходимо пройти в ЦОН и зарегистрировать свои права.


Ас саляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатух.

Прошу Вас помочь что нужно сделать.

У меня магазин в жилом доме цокольный этаж.

Сделал ремонт, открыл но потом пришел корановирус и я его закрыл.

Через месяц пришел директор ЖЭКа и сказал что затопили магазин.

Сантиметров 20 было канализации в магазине.

ЖЭК говорит что договор с нами не заключили и мы не отвечаем за это.

Хотя все инженерные сети переданы застройщиком ЖЭКу.

Что делать стоит ли подавать в суд.

Или нет.


Ас саляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатух.


Последние комментарии







Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться