Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 231 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Салық кодексi
231-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістер

Ескерту. 231-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 15.07.2025 № 208-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:  

1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары); 

2) еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерін ұлғайту; 

3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу; 

4) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін төмендетуі; 

5) осы Кодекстің 237-бабында көрсетілген кірістерді қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге кірістер түріндегі кірістері сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістері болып танылады. 

Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметіне байланысты кірістер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректерінің негізінде айқындалады. 

1-1. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі осы Кодекстің 190-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген салықтық есепке алуды қолдану кезінде сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістерді осы баптың және осы Кодекстің 232-бабының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы үшін көзделген ережелеріне сәйкес айқындайды. 

2. Осы баптың ережелері өздері бойынша сақтандыру сыйақылары түріндегі кіріс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды. 

3. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша есептелген қайта сақтандыру активтерінің есепті салықтық кезеңнің соңында мөлшері мен осындай активтердің алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша есептелген қайта сақтандыру активтері түріндегі кірісі деп танылады. 

4. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кірісі болып танылады. 

Бұл ретте сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген, өздері бойынша сақтандыру жарналары түріндегі кірістер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін де танылатын, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері жөніндегі шығыстарды өтеу түріндегі кірісі мынадай формула бойынша айқындалады: 

К х (А/Б), мұнда: 

К – есепті салықтық кезеңде алынуға жататын (алынған), сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кіріс; 

А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салықтық кезеңде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кірісті тану күнін қоса алғанда, алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары; 

Б – шарт күшіне енген күннен бастап есепті салықтық кезеңде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кірісті тану күнін қоса алғанда, алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары. 

Ескерту. 231-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 208-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...229 230 231 232 233 ...781

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.

Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.


Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться