Ст. 250 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
250-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерім
1. Ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны провизиялар (резервтер) құру қағидаларында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде есепке алынады.
Осы тармақтың ережелері, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге:
1) басқа банктерде орналастырылған, корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ осындай депозиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақыларға;
2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақыларға;
3) құжаттық есеп-қисаптар, кепілдіктер және факторингтік операциялар бойынша дебиторлық берешекке;
4) жабылмаған аккредитивтерге, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша қолданылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақ 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
2. Банктердің бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бас банктің күмәндi немесе үмiтсiз активтерін сатып алу үшін осындай бас банк еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасы шегерiмге жатады.
Банктер бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін еншiлес ұйымдарға берген активтерді күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктер еншiлес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Банктер екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымнан сатып алынған активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы емес.
3. Банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) қаржы лизингін;
2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизиялар (резервтер) жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде есепке алынады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1-тармақ 01.01.2020 бастап 01.01.27 дейін қолданыста болады – ҚР 10.12.2020 № 382-VI Заңымен.
3-1. Осы баптың 1-тармағының ережелері сот шешімі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.
4. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
5. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша есептелген сақтандыру резервтері жөніндегі шығыстардың сомасын еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес есептелген сақтандыру резервтерінің есепті салықтық кезеңінің соңындағы мөлшері мен осындай резервтердің алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегеруге құқығы бар.
Осы тармақтың ережелері өздері бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кіріс 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
6. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (ломбардты қоспағанда), өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерді қоспағанда, берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын, сондай-ақ олар бойынша сыйақыларды шегеруге құқығы бар.
Берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
7. Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 100 пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:
банктерде орналастырылған, корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);
құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;
жабылмаған аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін және осындай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.
8. 01.01.2019 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
Ескерту. 250-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей