Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 248 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
248-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім

1. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе: 

1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті заңды тұлғаның тұрақты мекемесі, құрылымдық бөлімшесі арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға тауарлар өткізуге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты туындаған және осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған; 

2) жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға тауарлар өткізуге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған; 

3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның талап ету құқықтары бойынша, банктік кредит (қарыз) шарттары және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кірістің құрамына қосуға байланысты осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады. 

2. Мыналарды: 

1) тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға бермеген; 

2) тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға берген; 

3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғадан өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша талап ету құқығын сатып алуды; 

4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның талап ету құқықтары бойынша, банктік кредит (қарыз) шарттары және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кіріс құрамына қосуды жүзеге асырған тұлғада күмәнді талаптар шегерімге жатады. 

3. Мыналарда: 

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын, сондай-ақ тауарларды осындай өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыптарының (айыппұлдардың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын, бірақ бұрын танылған кіріс мөлшерінен аспайтын мөлшерде; 

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын және тауарларды осындай өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыптарының (айыппұлдардың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын, бірақ бұрын танылған кіріс мөлшерінен аспайтын мөлшердегі сома мен өзі бойынша басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны арасындағы оң айырма мөлшерінде; 

3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын, сондай-ақ тауарларды осындай өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыптарының (айыппұлдардың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын, бірақ осы Кодекстің 233-бабына сәйкес бұрын танылған кірістің талап ету құқығын сатып алу құнына ұлғайтылған мөлшерінен аспайтын мөлшерде; 

4) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында айқындалған тұлғада – осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында айқындалған кіріс ретінде танылған сомалар мөлшерінде күмәндi талаптар шегерiмге жатады. 

4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмәндi талаптар:  

1) осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған тұлғаларда: 

кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша – кредит (қарыз) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап; 

лизинг шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап; 

қалған жағдайларда: 

өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалған талап етуді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап; 

өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалмаған талап ету бойынша тауарлар берілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап; 

2) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғаларда: 

кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша – кредит (қарыз) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап; 

лизинг шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап; 

қалған жағдайларда – мына күндердің: 

өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалған талап етуді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннің; 

өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалмаған талап ету құқығы басқаға берілген күннің ішінде ең кеш болатын күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде шегерiмге жатады. 

5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмәндi талаптар соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымы заңды күшіне енген не Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарған салықтық кезеңде шегерiмге жатады. 

6. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмәнді талаптар соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде шегерімге жатады. 

7. Осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған: 

1) басқа банктерде орналастырылған, корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыларды; 

2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды; 

3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті; 

4) жабылмаған аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар болып танылмайды. 

8. Егер осы баптың 9-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған: 

1) талаптардың туындауын растайтын құжаттар болған; 

2) талаптар шегерімдерге жатқызу кезінде бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген не осындай талаптар алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепке алуда шығыстарға жатқызылған кезде жүргізіледі. 

9. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы баптың 8-тармағында көрсетiлген құжаттардан бөлек, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымының көшiрмесi болуы қажет. 

Ескерту. 248-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 213-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...246 247 248 249 250 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться