Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 279 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.02.2026

ҚР Салық кодексi
279-бап. Тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуы

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, мыналар: 

1) толық амортизация және (немесе) құнсыздану салдарынан танылуы тоқтатылған, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген жағдайларды қоспағанда, осы активтерді бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату; 

2) осы активтерді лизинг шарты бойынша беру; 

3) осы активтерді сатуға арналған активтердің, запастардың құрамына ауыстыру; 

4) жалға берушіде – мына: 

қолданылу кезеңінде жалға алушыға берілген мүлік жалға берушіде тіркеп-белгіленген актив болып табылатын; және 

шарт тоқтатылғаннан кейін – жалға берушінің бухгалтерлік есеп алуында тіркеп-белгіленген активтерге жатпайтын актив деп танылған мүліктік жалдау (жалға алу) шартының тоқтатылуы тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуы болып табылады.  

2. Мыналар:  

1) жоғалуына, бүлінуіне байланысты тіркеп-белгіленген активтердің II, III, IV топтарына енгізілген сақтандырылмаған активті бухгалтерлік есепке алуда тануды тоқтату; 

2) маусымдық өндірісте пайдаланылатын I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің кірісін алуға бағытталған қызметте пайдалануды уақытша тоқтату; 

3) активті пайдаланудан уақытша шығарудың және оны пайдалануды уақытша тоқтатқаннан кейін пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келген жағдайда I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің кірісін алуға бағытталған қызметте пайдалануды уақытша тоқтату; 

4) II, III және IV топтардың тіркеп-белгіленген активтерінің кірісін алуға бағытталған қызметте пайдалануды уақытша тоқтату тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуы болып табылмайды. 

Осы параграфтың мақсаттары үшін: 

тіркеп-белгіленген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға тіркеп-белгіленген активтерді бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, мұндай активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады; 

бір мезгілде мынадай: 

пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында белгілі бір температуралық режимдерде пайдаланылмайтын; 

күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысатын; 

есепті салықтық кезеңде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған деген шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркеп-белгіленген активтері маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркеп-белгіленген активтері болып табылады. 

3. Тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуын салық салу мақсаттарында тану шығып қалған активтерді тіркеп-белгіленген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді. 

Шығып қалған активтерді тіркеп-белгіленген активтер құрамынан алып тастау салықтық кезеңнің басындағы I топ объектілерінің және (немесе) топтардың тиісті құндық балансын тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу құнына азайту жолымен жүзеге асырылады. 

4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құны олардың шығып қалу құны болып табылады. 

5. Мыналар: 

1) егер кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркеп-белгіленген активтер объектілері бөлінісінде айқындалса – қосылған құн салығын қоспағанда, тіркеп-белгіленген активтерді өткізу құны; 

2) егер кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркеп-белгіленген активтер объектілері бөлінісінде айқындалмаса – өткізілген тіркеп-белгіленген активтердің өткізу күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құны, лизинг шарты бойынша беруден басқа, тіркеп-белгіленген активтерді өткізу кезінде олардың шығып қалу құны болып табылады. 

6. Лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес берілген құн тіркеп-белгіленген активтерді осындай шарт бойынша беру кезінде олардың шығып қалу құны болып табылады. 

7. Берілген активтерді қабылдау-беру актісінде көрсетілген, бірақ беру күніне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша олардың баланстық құнынан кем емес құны тіркеп-белгіленген активтер өтеусіз берілген кездегі олардың шығып қалу құны болып табылады. 

8. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құн тіркеп-белгіленген активтер жарғылық капиталға салым ретінде берілген кездегі олардың шығып қалу құны болып табылады. 

9. Мыналар: 

қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада берілген активтердің беру актісінде көрсетілген баланстық құны; не 

беру актісінде көрсетілген, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны бірігу, қосылу немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғадан тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу құны болып табылады. Ол үшін салық төлеушілер беру актісінде берілетін тіркеп-белгіленген активтердің мынадай құнын көрсетуге құқылы: 

1) I топтың тіркеп-белгіленген активтері бойынша – салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің қалдық құны; 

2) топтың барлық тіркеп-белгіленген активін беру шартымен II, III, IV топтардың тіркеп-белгіленген активтері бойынша – салықтық кезеңнің соңындағы топтың тиісті құндық балансының шамасы. 

10. Берілген активтердің бөлу балансында көрсетілген баланстық құн бөлу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғадағы тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу құны болып табылады. 

11. Құрылтайшылардың, қатысушылардың келісімі бойынша айқындалған құн мүлікті құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу құны болып табылады. 

12. Мыналар:  

1) сақтандыру болған кезде – сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес сақтанушыға, сақтандырылушыға, пайда алушыға төленетін сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құн; 

2) сақтандыру болмаған кезде – салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектілерінің қалдық құны тіркеп-белгіленген активтердің жоғалуына, бүлінуіне байланысты бухгалтерлік есепке алуда активті тану тоқтатылатын кездегі олардың шығып қалу құны болып табылады.  

13. Тіркеп-белгіленген активтердің осы актив құрамына енгізілген бастапқы құн мен лизинг нысанасы алынған күнінен бастап қайтарылған күніне дейінгі кезең үшін лизинг нысанасының лизингтік төлемдер сомасына енгізілген құны арасында оң айырма лизинг алушыда лизинг нысанасы болып табылатын тіркеп-белгіленген актив лизинг берушіге қайтарылған кездегі оның шығып қалу құны болып табылады. 

14. Мыналар: 

1) I топ бойынша – салықтық кезеңнің соңындағы тіркеп-белгіленген активтердің қалдық құны; 

2) II, III және IV топтар бойынша – беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құн тіркеп-белгіленген активтер мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқаруға берілген кездегі олардың шығып қалу құны болып табылады. 

15. Мыналар: 

1) I топ бойынша – салықтық кезеңнің соңындағы тіркеп-белгіленген активтердің қалдық құны; 

2) II, III және IV топтар бойынша:  

топтың барлық активін беру кезінде – салықтық кезеңнің соңындағы топтың құндық балансының шамасы; 

қалған жағдайларда – тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізілген берілетін активтердің амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құны сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттемелер тоқтатылған кезде сенімгерлік басқарушыда тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалу құны болып табылады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар тіркеп-белгіленген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген, алдыңғы кезеңдердегі амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алына отырып, есепті салықтық кезеңнің алдындағы сенімгерлік басқарудың әрбір салықтық кезеңі үшін есептеледі. 

16. Мыналар: 

1) I топ бойынша – салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің қалдық құны; 

2) II, III және IV топтар бойынша: 

барлық активті беру кезінде – салықтық кезеңнің соңындағы топтың құндық балансының шамасы; 

қалған жағдайларда – тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізілген берілетін активтердің амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құны концессия шарты тоқтатылған жағдайда тіркеп-белгіленген активтер концедентке берілген кездегі олардың шығып қалу құны болып табылады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар: 

амортизация нормалары белгіленген жағдайда – концессия объектілерін пайдалану жүзеге асырылған салықтық кезеңдер үшін тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу бойынша концессионердің салықтық тіркелімінде белгіленген осындай амортизация нормалары негізге алына отырып, есепті салықтық кезеңнің алдындағы әрбір салықтық кезең үшін есептеледі. Концессионер белгілеген амортизация нормалары тіркеп-белгіленген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормаларынан аспауға тиіс; 

концессионер белгілеген амортизация нормалары болмаған кезде – тіркеп-белгіленген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормасы негізге алына отырып, есепті салықтық кезеңнің алдындағы әрбір салықтық кезең үшін есептеледі. 

17. Мүліктік жалдау (жалға беру) шарты тоқтатылған күнге бухгалтерлік есепте танылған активтің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құны берілген мүлік жалға берушіде осындай шарттың қолданылу кезеңінде жалға берушіде тіркеп-белгіленген актив болып табылған, ал шарт тоқтатылғаннан кейін жалға берушінің бухгалтерлік есепке алуында тіркеп-белгіленген активтерге жатпайтын актив деп танылған осы шарт тоқтатылған кездегі жалға берушіде тіркеп-белгіленген активтің шығып қалу құны болып табылады. 

18. Салықтық кезеңнің соңындағы І топтың тіркеп-белгіленген активінің қалдық құны, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылуы уақытша тоқтатылған кезде оның шығып қалу құны болып табылады. 

19. Тіркеп-белгіленген активтің шығып қалу күніне осы Кодекстің 305-бабының 5-тармағында белгіленген, бұрын қолданылған шартты коэффициент ескеріле отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құн күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыда оның шығып қалу құны болып табылады.

Статья 1 ...277 278 279 280 281 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

жана матор алган едім алган күннен бастап паддон крышкадан май кетіп бастады, паддон, бакавой крышка, клапнный крышкаданда оны жасап берді бірдеме қылып 14 кун гарантя берген гарантия біткеннен кеиін 9 күннен кеиін матордын суынан пена тәріздес болып кетті мамандар ол блок немесе галовкада трешинна бар дейді ашпадым Алган жеріме барсам гарантя отті бітті ақшасын тоилеисін деиді ол дұрыспа зандылыгы керек еді сотка жүгіндім


Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?


Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама


Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день


Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться