Ст. 277 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
277-бап. Тіркеп-белгіленген активтердің келіп түсуі
1. Мыналар:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепке алуда есепті және (немесе) болашақ кезеңдерде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді тану;
2) концессия шарты шеңберінде концессионердің концеденттен қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтерді иеленуге және пайдалануға алуы;
3) сенімгерлік басқарушының қызмет мерзімі бір жылдан асатын, кіріс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт пайдалануға арналған активтерді сенімгерлік басқаруға алуы;
4) лизинг шартынан басқа, бухгалтерлік есепке алуда мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты жұмсалған кейінгі шығыстарды ұзақ мерзімді актив ретінде тану;
5) жалға берушіде – жалға берушінің осындай берілгенге дейін бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес немесе биологиялық активтер ретінде есепке алынбаған мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша беруі тіркеп-белгіленген активтердің келіп түсуі болып табылады Осы тармақшаның ережелері лизинг шарты бойынша мүлікті беруге қолданылмайды;
6) пайдаланылуы уақытша тоқтатылғаннан кейін, бұрын салықтық есепке алуда осы Кодекстің 279-бабының 18-тармағына сәйкес шығып қалу көрсетілген, кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалану үшін I топ объектісін пайдалануға беру;
7) бақылау кезеңі ішінде инвестициялық салықтық преференциялар жойылмай қолданылған объектіні бақылау кезеңінен кейінгі салықтық кезеңде тіркеп-белгіленген активтердің құрамына аудару тіркеп-белгіленген активтердің келіп түсуі болып табылады.
2. Салық салу мақсаттарында тіркеп-белгіленген активтердің келіп түсуін тану келіп түскен активтерді тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізуді білдіреді.
Келіп түскен активтерді тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізу салықтық кезеңнің басындағы I топ объектілерінің және (немесе) топтардың тиісті құндық балансын келіп түскен тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құнына ұлғайту жолымен жүзеге асырылады.
Лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты шеккен және бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған кейінгі шығыстарды тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізу:
егер осы баптың 1-тармағына сәйкес мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі I топқа жататын болса – салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансын бастапқы құнға ұлғайту немесе осындай құндық баланс болмаған кезде оны қалыптастыру;
егер мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі осы баптың 1-тармағына сәйкес II, III немесе IV топтарға жататын болса – салықтық кезеңнің басындағы топтың тиісті құндық балансын бастапқы құнға ұлғайту жолымен жүзеге асырылады.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны тіркеп-белгіленген актив келіп түскен күн бойынша салық төлеуші шеккен мынадай шығындардың сомасы түрінде айқындалады:
1) тіркеп-белгіленген активті сатып алуға арналған шығындар;
2) тіркеп-белгіленген активті өндіруге арналған шығындар;
3) тіркеп-белгіленген активті салуға арналған шығындар;
4) тіркеп-белгіленген активті монтаждауға және орнатуға арналған шығындар;
5) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтің құнын ұлғайтатын басқа да шығындар.
4. Осы баптың мақсаттары үшін тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құнына:
осы Кодекстің 286-бабының 2), 13) және 16) тармақшаларында және 287-бабында көрсетілген шығындар (шығыстар);
амортизациялық аударымдар;
бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және осы Кодекстің 257-бабының 6-тармағына сәйкес салық салу мақсаттарында шығыс ретінде қаралмайтын шығындар (шығыстар) енгізілмейді.
5. Жер қойнауын пайдаланушы күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша осы Кодекстің 305-бабының 5-тармағында көзделген тиісті коэффициентті қолдана отырып, осы бапта белгіленген тәртіппен активтердің бастапқы құнын айқындайды.
6. Запастардың немесе сатуға арналған активтердің құрамынан аудару арқылы келіп түскен тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтің осындай келіп түскен күнге баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
Егер осындай активтер бұрын тіркеп-белгіленген активтерден запастардың немесе сатуға арналған активтердің құрамына ауыстырылса, онда оларды тіркеп-белгіленген активтерге кері ауыстыру кезінде осындай активтің бастапқы құны осы Кодекстің 279-бабының 4-тармағында көрсетілген құннан аспайды.
7. Өтеусіз алынған тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны:
1) осы Кодекстің 246-бабына сәйкес жылдық жиынтық кіріске енгізілген өтеусіз алынған мүлік құнының; және
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде келіп түскен активтің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындардың сомасы ретінде айқындалады.
8. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде тіркеп-белгіленген активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің баланстық құны мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеден алған осындай активтердің бастапқы құны болып табылады.
Активтердің баланстық құны активтерді қабылдау-беру актісі негізінде айқындалады.
9. Жарғылық капиталға салым ретінде алынған тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны:
1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған, бірақ төлеу есебіне актив алынған сомадан аспайтын актив құнының сомасы ретінде айқындалады. Мұндай құн салымның алынғанын және активтің алынған құнын растайтын құжаттар (қабылдау-беру актісі және (немесе) өзге де құжаттар) негізінде айқындалады; және
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде келіп түскен активтің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар сомасы ретінде айқындалады.
10. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеушіні бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты алынған тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны:
1) беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құн; және
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде осындай активтің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар сомасы ретінде айқындалады.
Бірігу, бөлініп шығу арқылы құрылған, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе өзіне басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның I тобы объектілерінің құндық балансы және (немесе) топтардың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық баланстары осындай құн осы Кодекстің 279-бабы 9-тармағына сәйкес беру актісінде көрсетілген жағдайда беруші тұлғаның салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құнына ұлғаяды.
11. Мыналар сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқаруға алған тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны болып табылады:
1) егер беруші тұлғада осы активтер тіркеп-белгіленген активтер болып табылған болса – осы Кодекстің 279-бабының 14-тармағына сәйкес айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда – көрсетілген активтерді қабылдау-беру актісінің деректері бойынша айқындалған құн.
12. Мыналар сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттемелердің тоқтатылуына байланысты сенімгерлік басқарушыдан алынған тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны болып табылады:
1) егер сенімгерлік басқарушыда осы активтер тіркеп-белгіленген активтер болып табылған болса – осы Кодекстің 279-бабының 15-тармағына сәйкес айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда – осы Кодекстің 279-бабының 14-тармағына сәйкес айқындалған, амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған құн. Бұл ретте амортизациялық аударымдар мынадай формула бойынша есептеледі:
осы Кодекстің 279-бабының 14-тармағына сәйкес айқындалған құн,
көбейту
тіркеп-белгіленген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормасы,
көбейту
актив сенімгерлік басқаруда болған есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдердің саны.
13. Концедент пен концессионер жасаған және қол қойған концессия объектісін қабылдау-беру актісінде көрсетілген алынған концессия объектісінің құны концессионер концессия шарты бойынша алған тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құн болмаған жағдайда I, II, III және IV топтардың тіркеп-белгіленген активтері ретінде танылатын концессия объектілерінің бастапқы құны концессионер тіркеп-белгіленген активтер пайдалануға берілген күнге дейін концессия шарты шеңберінде әрбір осындай объект бойынша жүргізген:
концессия объектісін құру мақсатында сатып алуға, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындар; және
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осы Кодекстің 257 – 273-баптарының ережелері ескеріле отырып, оның құнын ұлғайтатын концессия объектісін құру мақсатындағы басқа да шығындар түрінде жеке айқындалады.
14. Бұрын салықтық есепке алуда осы Кодекстің 279-бабының 18-тармағына сәйкес шығып қалу көрсетілген, пайдалануға берілген I топ объектісінің оны пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейінгі бастапқы құны:
1) осы Кодекстің 279-бабының 18-тармағына сәйкес айқындалған шығып қалу құнының; және
2) осы Кодекстің 281-бабына сәйкес осы объектінің құндық балансын ұлғайтуға жатқызылған жағдайда, тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар сомасы ретінде айқындалады.
15. Инвестициялық салықтық преференциялар жойылған активтер инвестициялық салықтық преференцияларды қолдану басталған күннен бастап осы параграфқа сәйкес тіркеп-белгіленген активтер ретінде есепке алынады.
16. Осы Кодекстің 284-бабының 5-тармағына сәйкес инвестициялық бақылау кезеңі ішінде салықтық преференциялар жойылмай қолданылған объектіні тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізу жолымен келіп түскен тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны нөлге тең.
17. Лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты салық төлеуші шеккен жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту, күтіп-ұстау жөніндегі шығындар және басқа да шығындар, лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты жұмсалған, ұзақ мерзімді актив ретінде танылған кейінгі шығыстар түріндегі тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны болып табылады.
Осы тармаққа сәйкес бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған күні жұмсалған, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын ұлғайтатын шығындар есепке алынады.
18. Лизинг нысанасы алынған құн лизинг шарты бойынша келіп түскен тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны болып табылады.
19. Бұрын лизинг нысанасы болған тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құны – оны лизинг алушы лизинг берушіге қайтарған кезде:
бұрын лизинг нысанасы лизинг шарты бойынша лизинг алушыға берілген құн және
лизингтің осы нысанасы берілген күннен бастап қайтарылған күнге дейінгі кезеңде лизингтік төлемдер сомасына енгізілген лизинг нысанасының құны арасындағы оң айырма болып табылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
жана матор алган едім алган күннен бастап паддон крышкадан май кетіп бастады, паддон, бакавой крышка, клапнный крышкаданда оны жасап берді бірдеме қылып 14 кун гарантя берген гарантия біткеннен кеиін 9 күннен кеиін матордын суынан пена тәріздес болып кетті мамандар ол блок немесе галовкада трешинна бар дейді ашпадым Алган жеріме барсам гарантя отті бітті ақшасын тоилеисін деиді ол дұрыспа зандылыгы керек еді сотка жүгіндім
Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?
Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама
Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день
Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей