Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 300 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
300-бап. Залалдарды ауыстыру

1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шегілген залалдар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілерін, орнатылмаған жабдықты өткізуден шегілген залалдар осы салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісі есебінен өтеу үшін соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылады. 

Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялар мен бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі есепті кезеңде және есепті салықтық кезеңнің алдындағы қатарынан екі алдыңғы салықтық кезеңде туындаған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен келтірілген залалдардың сомасына азайтылады. Осы Кодекстің 223-бабында айқындалған салық салу объектілері есебінен ағымдағы және (немесе) алдыңғы кезеңдерде есепке алынған залалдар есепке алынбайды. 

2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін өткізуден шегілген залалдар осындай активтердi өткізу кезiнде алынған, құн өсiмiнен түсетін кіріс есебiнен өтеледi. 

Егер бұл залалдар өздері орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылуы және жер учаскелерін өткізу кезінде алынған, құн өсімінен түсетін кірістер есебінен өтелуі мүмкін. 

3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған, құн өсімінен түсетін кірісті қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған, құн өсімінен түсетін кіріс есебінен өтеледі. 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, егер осы залалдар өздері орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылуы және басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған, құн өсiмiнен түсетін кірістер есебiнен өтелуі мүмкін. 

4. Акцияларды, резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткiзуден туындаған залалдар акцияларды, резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде қолданылады: 

акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін күні салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді; 

осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізіліп жатқан осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциум қатысушысы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды; 

жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткізу күніне 50 пайыздан аз болады. 

Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленудің осы тармақта көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.  

Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 70 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды. 

Көмірді қоса алғанда, кейінгі қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде: 

бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген; 

бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруге пайдаланылған шикізат ескеріледі. 

Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-1-тармақ 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

4-1. Осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдар осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер есебінен өтеледі. 

5. Өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден туындайтын залалдар өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс есебінен өтеледі. 

6. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден туындайтын залалдар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс есебінен өтеледі. 

7. Агенттік облигацияларды өткізуден туындайтын залалдар агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс есебінен өтеледі. 

8. Егер осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген залалдар өздері орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды. 

9. Арнаулы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметтен алынған залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналысы мерзімі ішінде секьюритилендіру мәмілелерінде ауыстырылуы мүмкін. 

10. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шеңберінде алынған залалдар келесi салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

11-тармақ 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

11. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы алған залалдар келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды.  

12. Хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша залалдар хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша кірістер есебінен өтеледі. 

Егер осындай залалдар өздері туындаған кезеңде өтеле алмаса, онда олар соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылуы және хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша кірістер есебiнен өтелуі мүмкін. 

13. Осы баптың 14-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, заңды тұлғаның осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша кәсіпкерлік қызметтен шеккен залалдары келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды. 

14. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым алған залалдар осындай инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды. 

15. Осы Кодекстің 293-бабының 4-3-тармағында және 709-бабының 4-тармағында көрсетілген зияткерлік меншік объектісі бойынша залалдар талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде әрбір зияткерлік меншік объектісі бойынша салық салынатын кіріс есебінен кейінгі салықтық кезеңдерде өтеледі. 

Ескерту. 300-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...298 299 300 301 302 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться