Ст. 302 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.02.2021
ҚР Салық кодексi
302-бап. Корпоративтік табыс салығының сомасын есептеу
1. Таза кіріске салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтық кезең үшiн корпоративтік табыс салығы мынадай тәртiппен есептеледi: осы Кодекстiң 313-бабының 1 немесе 2-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 300-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірістің көбейтiндiсi,
қосу
осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 4) тармақшасында айқындалған, осы Кодекстің 300-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салу объектісінің көбейтіндісі,
қосу
осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 5) тармақшасында айқындалған салық салу объектісінің көбейтіндісі,
алу
осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы,
алу
салықтық кезеңде ұтыс түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы,
алу
сыйақылар, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салықтық кезеңдерден ауыстырылған корпоративтік табыс салығының сомасы,
алу
салықтық кезеңде сыйақылар, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы.
2. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы ұтыс, сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығын төлем көзі ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, осы салықтың сомасына азайтылады.
Осы тармақтың ережелері әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымға, депозиттер бойынша сыйақы түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша коммерциялық емес ұйымға қолданылмайды.
3. Егер сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы есептелген корпоративтік табыс салығының сомасынан артық болса, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге жататын, есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы айырма соңғы кезеңі қоса алынатын келесі он салықтық кезеңге ауыстырылады және осы салықтық кезеңдердің бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомаларын бірте-бірте азайтады.
Ескерту. 302-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы

Караганда,Темиртау, Нур-Султан
Телефоны
Комментариев: 26
За последние 30 дней

Астана (Нур-Султан) - Караганда - Темиртау
Телефон
Всего

г. Алматы
Телефон
За последние 30 дней

г. Алматы
Телефон
Всего

г. Костанай
Телефон
Всего
Новые комментарии на сайте
Айгуль
01.03.21 21:23:07
Тел: 87012643890,
Добрый вечер срок давности имеется, общий срок 3 года
Гость
01.03.21 17:32:14
питьевую воду нельзя использовать в технических целях, где написано?
Гость
27.02.21 15:02:55
Здравствуйте,Где можно посмотреть новую классификацию основных средств на 2021 год
Гость
27.02.21 10:31:06
сушествует ли срок исковой давности по кредиту
Гость
26.02.21 12:57:32
Здравствуйте Я учительница инвалид 2 группы.Допустимо ли забрать часы ссылаясь на инвалидность?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей