Ст. 307 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
307-бап. Төлем көзінен салық салынатын кірістер
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, төлем көзінен салық салынатын кірістерге мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;
2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бейрезиденттердің осы Кодекстің 644-бабына сәйкес айқындалатын, осындай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістері;
3) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне немесе бейрезиденттің тұрақты мекемесіне төленетін кірістер;
4) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;
5) алып тасталды – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Мыналар төлем көзінен салық салуға жатпайды:
1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар және агенттік облигациялар бойынша сыйақы;
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін сыйақы, дивидендтер, сондай-ақ орналастырылған зейнетақы активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін сыйақы;
3) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға төленетін сыйақы;
4) осындай сыйақы есепке жазылған күнге Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
6) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
7) резидент-банкке төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;
8) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
9) резидент-лизинг берушіге төленетін лизинг шарты бойынша сыйақы;
10) репо операциялары бойынша сыйақы;
11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (ломбардтарды қоспағанда) төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;
12) мыналарға:
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетін борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
13) мыналарға:
акционерлік қоғамдар, мекемелер мен көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерінен басқа тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;
осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақы;
14) талап ету құқығы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген заңды тұлғаға берілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша төленетін сыйақы;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
15) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
15) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға төленетін сыйақы;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
16) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
16) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым берген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде, дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымына банктік салым шарты бойынша төленетін сыйақы.
Ескерту. 307-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Читать еще раз
ҚР Салық кодексi 259-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды шегерудің және көмірсутектерді барлауға және (немесе) бірлескен барлау... ҚР Салық кодексi 568-бап. Салық салу объектілері ҚР Салық кодексi 410-бап. Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) салуды немесе казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге... ҚР Салық кодексi 489-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларация ҚР Салық кодексi 386-бап. Тауарларды экспортқа өткізу бойынша айналымРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей